04.01.2022
  544


Автор: Жібек Ысқақова

Ғашықтар күнімен жаным (жігітке)

Өзіңізді кезіктіріп бақыт таптым,
Жүрегімнің иесі жаным менің.
Бүгін сізге жүрекпен үн қатамын,
Әуелетіп шырқалар әнім менің.

Құттықтаймын бүгінгі мерекемен,
Ғашықтардың күнімен жарығым сол.
Әулиелі Валентин күні бүгін,
Ғашықтарға беретін тағлымы мол.

Өміріміз бақытқа толы болсын,
Қос жүректің лүпілі бірге соғып.
Ғашықтардың еліне бір барайық,
Махаббаттың шыңына бірге қонып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу