04.01.2022
  188


Автор: Жібек Ысқақова

Әулие Валентин күнімен, сүйіктім! (қызға)

Сені іздеймін махаббат хаттарынан,
Жүректегі сезімнің бақтарынан.
Әулиелі Валентин күні бүгін,
Сезілетін қос жүрек қатпарынан.

Бүгінгі күн біздерге шуақ шашар,
Ғашықтардың үнімен дала үндеп.
Он төртінші ақпан бұл жан тербейтін,
Пәк сезімнің тамыры жаяр гүлдеп.

Құтты болсын сүйіктім бүгінгі күн,
Сезіміміз жүректе үн қататын.
Ғашықтардың тілегін қабыл алып,
Махаббаттың әуенін жырлататын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу