04.01.2022
  227


Автор: Жібек Ысқақова

Ғашықтар күнімен құттықтаймын! (қызға)

Ғашықтардың күні бүгін тойлайтын,
Пәк сезімнің қызығына тоймайтын.
Жүрегімнің иесі сен ғашығым,
Өзің барда бар жақсылық орнайтын.

Бұл жүрегім пәк сезіммен үн қатар,
Бұл жүрегім махаббатты жырлатар.
Бұл жүрегім ғашықтардың күнінде,
Ғашығына жүрек үнін тыңдатар.

Жандүниеме тыныштығын беретін,
Өміріме шаттық күйін төгетін.
Құтты болсын махаббаттың күні бұл,
Маржан сөзді көңлімізге себетін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу