04.01.2022
  335


Автор: Жібек Ысқақова

14 ақпан, ғашықтар күнімен! (жігітке)

Тілейтінім, шуақты күн асылын,
Ғашықтардың күнінде мен ғашығым.
Он төртінші ақпан ашты есігін,
Сұлулығын сыйлап бізге жасырын.

Бүгінгі күн қуанышқа бөлесін,
Оты жанып алаулап, пәк сезімнің.
Әуелетіп асқақ әуен тербесін,
Жанды тербеп сүйіктім пәк көңілің.

Бір болайық ғашықтардың үнімен,
Бір болайық ғашықтардың жырымен.
Шын жүректен сүйіктім-ау мен сені,
Құттықтаймын ғашықтардың күнімен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу