04.01.2022
  194


Автор: Жібек Ысқақова

Ғашықтар күнімен жаным (қызға)

Он төртінші ақпан ашты кеп есігін,
Сезім оты тербелеп тал бесігін.
Жұлдызымсың, айымсың, күнім өзің,
Саған деген шынайы пәк сезімім.

Құтты болсын ғашықтардың күні бұл,
Жанымның сен хош иісті гүлісің.
Әрбір күні жаныма нәр беретін,
Жүрегімнің ажырамас үнісің.

Мен ауаға жүрегімді саламын,
Есіміңді еркелетіп жазамын.
Ғашықтардың бүгінгі бұл күнінде,
Жан жүрегім көңіліңді табамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу