04.01.2022
  262


Автор: Жібек Ысқақова

Әулие валентин күнімен, жаным! (жігітке)

Он төртінші ақпан келді, мереке,
Құттықтаймын ғашықтардың күнімен.
Сәулелермен жарқырасын осы күн,
Арманымыз ұштасып жүрек үнімен.

Шын ғашықпын өзіңізге шынайы,
Ойлай берем өзіңізді ұдайы.
Қолдасыншы біздерді тек асылым,
Ғашықтарды біріктірер Құдайы.

Шын жүректен тілектеспін мен сізге,
Ғашықтардың күні нұрын сыйласын.
Екеумізге жүрегімнің иесі,
Жаратқаным бар жақсыны жинасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу