Өлеңдер ✍️

  04.01.2022
  141


АЙГЕРІМ ЖАЙЛИЕВА

Жалын жүрек!

Өмір – саған өкпем жоқ… сынасаңда,
Жар басынан ылдиға құласамда.
Тартысына тағдырдың төтеп берем,
Жаным налып, жүрегім жыласаңда.
Үмітім бар… үзілмес ертеңімнен,
Төбелессем, түк қалмас тентегіңнен.
Көкіректің көзі ояу, сыры терең.
Ессіздікке елітпес, еркемін мен!
Сөзім мерген... атпаймын құралайды.
Жаным нәзік, жауыздық сұрамайды.
Сүйгеніммен тірліктің татулығын,
Екі жүзді адамдар ұнамайды!
Түңілмеңдер, Алла хақ күлімдеңдер!
Тұзағына пенденің ілінбеңдер!
Жүрегіңнің жанына үңілмейді,
Жанарыңның жасына үңілгендер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу