Өлеңдер ✍️

  04.01.2022
  112


Автор: АЙБЕК ӘБІЛҚАЛЫМ

Өсиет пен Қасиет

Тағдырдың тартқан талай ауыр сынын,
Өлеңмен шертем елім, дәуір сырын.
Күннің астын билеген қырандайсың,
Қолдағы қалам мендік қауырсының.
Сақ пенен Ғұнның ғұрпын дәріптеген,
Көктүрік – ер Түркіні жарық көрем.
Тасқа басып Түркінің төл таңбасын,
Тарихын жазды руна әліппемен.
Бұзылмай тектілігі бойындағы,
Ерлік пен ептілігі жойылмады.
Қара хан қасиетті Исламды,
Мемлекеттік дінім деп мойындады.
Даланың киесіндей Көктүрігім,
Дүбірлеткен әлемді өтті күнің.
Керей мен Жәнібек хан жаққан шырақ,
Ертүрік сенің жұғын тектілігің.
Қазақтың сүйрей білген көшін алға,
Қасым хан, Тәуке тосқан төсін жауға.
Тәуекел, Хақназарлар ұлттың бағы,
Танылған тұлғалықпен Есім хан да.
Шайқастан ұтылмаған Салқам Жәңгір,
Дұшпанын жұпынғанын талқандағыр.
Абылай, Әбілқайыр Жоңғар жолын,
Уақытқа ілестірмей арқандағыр.
Тарихты тыңдап рухың артар кәміл,
Ерлеген бабаң барда, тарқар ма жыр.
Жер деген ғаламшарда дараланған,
Алтын бір аралдайсың шалқарда бұл.
Хан Кене аңсап өлген азаттығым,
Махамбет, Исатай ғой қазақтығым,
Аштықтан қырылғанда қаны кеуіп,
Қазақтай көрді басқа азапты кім?
Бодандық құрық тағып мойыныма,
Құрта жаздат құл сана сойылы да.
Зарыққан заманада текті қазақ,
Тарихи сақынадан жойылды ма?
Сарқылмас жыр жолым бар айтар, менің,
Қайырылмасын қанатың, байсал елім.
Биіктік беделінде қалықтаған,
Қыранның құдіретіндей қайсар едің.
Көк майса шыққа бөккен жайсаң жерің,
Көк аспан көмкерілген шалқар көлің.
Егемен Қазақ елім ер бабаңның,
«Мен – мәңгі Қазақпын!», деп қайтар кегін!
Шарықта! Тайма қазақ бағытыңнан,
Бастағы құрық құрғыр ағытылған.
Бостандық арқасында бағындырар,
Белестер бар ғой алда әлі тұрған.
Ұрпағың ұрандасын еркінмін, деп,
Егемен елім дамы, шіркін, гүлдеп.
Тәуелсіз Қазақстан – жаса мәңгі!
Бірлікте – бесігіңді тербеп жұртым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу