Өлеңдер ✍️

  04.01.2022
  170


Автор: Айнұр Төлеу

Жағалаудағы жыр

Жұлдыз болсам мен егер,
Аспанға алаңдамай,
Асығып ағар едім саған қарай...
Көк Каспий,
Байқасадың ба?
Құрылыққа бейімделді өлең – күнім,
Өзіңнен іздеп келдім
Жанымның тереңдігін!
Тұнықтығын,
Жанымның мөлдірлігін,
Көру үшін жағаңа келдім бүгін.
Көкпеңбек қуанышым,
Менің де көзім күліп,
Жасаурап тұрады ішім.
Су саған жермен келсін, бұлттан сіңсін,
Аққуың арда мөлдір ұрттап жүрсін.
Көңілімнің көк айнасы, ұлықсат бер,
Көзімнің тамызайын бір тамшысын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу