Өлеңдер ✍️

  04.01.2022
  87


Автор: Айнұр Төлеу

Ілкі кезең

Шақырды түсімде ілкі түп.
Жұлдызды таяқпен үркітіп,
Кәдімгі,
Жалтармай жұтатын
Жалынды
Бақсы боп жүр екем!
Жер асты – жік екен,
Жер үсті – Күн екен.
Ал, уақыт алдымда
Албасты секілді кемсеңдеп тұр екен!
Жылаңқы болса да, қашпаған шырайы,
Жылайды шынайы.
Ол үшін алдыма бүк түсіп,
Кеңістік кешірім сұрайды.
Ұрттадым ұялмай көз жасын,
Өз жасым ащы еді бұдан тым.·
Жұлдыздар жарқ ете қалғанда,
Өлердей қуандым.
Масайған шығармын кім білсін?
Түмен ой түрткілеп оятты
Төбемде қозғалып Күн күлсін,
Құрсақта, құрсауда жатқандар
Ойласын ұятты!
Енді мен көрейін егіліп,
Қиялды ұрлаған түменнен жеңіліп.
Ап-ащы жасыма алыпты
Уақыт семіріп!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу