Өлеңдер ✍️

  04.01.2022
  106


Автор: Айнұр Төлеу

Қиялдағы еркіндік

Жеткізе алмадым
Жанымды сен жаққа.
Қиялда қисынсыз еркіндік!
Өзіміз сенбейтін
Әуезе жазып ап,
Әумесер адамдай желпіндік.
Қай ғалам?
Сені алып
Сабырсыз сағаттың тіліне
Байлаған!
Тарыстық шеңберін
Тәулік деп түсініп,
Суреттен немесе
Өзін тек танитын айнадан!
Бұрын сен өзге едің,
Іздейсің жалынсыз жаңалық.
Ойнақтап тұратын көздерің,
Ой дейтін орманға қамалып!
Көтере алмадым
Сағыныш салмағын!
Үркемін өзімнің отымнан,
Бақыттың тістелеп бармағын,
Қиялда тіл қатам өзіме
Мен сенің атыңнан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу