Өлеңдер ✍️

  04.01.2022
  112


Автор: Айнұр Төлеу

Жалаңаш орман

Қайтеміз сөз етіп
Жалаңаш орманды,
Көңілге қонып ап қараша
Жалаңаш арманың
Сұрайды жәудіреп араша!
Түсінгің келмейді
Ұқтырғым келгенді!
Мендегі тіл басқа
Түр басқа сендегі!
Үнсіз-ақ ұғысып жүр едік,
Сезім ек, ол кезде
Тірі едік!
Желкенді қайықты
Желі жоқ жағаға тіредік!
Өзімді іздедім,
Сен жақта жоқ екем!
Барсың деп несіне алдадың?!
Барлығын түсіндім,
Күрсіндім,
Қараша келгенде
Жалаңаш қалғанда орманың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу