Өлеңдер ✍️

  04.01.2022
  116


Автор: Айнұр Төлеу

Сен қайдасың?

Аңғармаудың
Не деген шебері едің.
Қар боп жауғам,
Тамшы боп себеледім.
Жабыққан кездерімде
Сағынбадың
Және де демемедің!
Мөлдір өзен ағады көздерімнен
Ұя салсаң қайтеді?
Сұп-сұңғақ, дегелегім.
Биігімді тәрк етіп,
Алдыңда болған едім
Кеше кіші.
Сырты сұлу өмірдің
Өсек іші.
Қан базарға еніп ем
Қамықпадың!
Кес-кестеді жолымды
Неше кісі?!
Кейбірі гүлдердің күлтесінен
Алдыма кілем жасап,
Келеді төсегісі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу