Өлеңдер ✍️

  04.01.2022
  106


Автор: Айнұр Төлеу

Шексіздік

Дөңбекшітті мені ойлар,
Дөңгелеп кетейін бе?
Дәтім жетіп алдыңнан,
Тоқтамай өтейін бе?
Беріліп удай ащы уайымға,
Дәл сенің аяғыңа,
Доп болып құлайын ба?
Әлде осы дөң асырмас,
Дөңкиген ойларыма
Шыдайын ба?
Жұмыр жер жылжи берді,
Жүрегін уақыт етіп,
Тым кербез күн жей берді.
Тәрк етіп мың ғасырды,
Айналып мен де өтермін,
Дөңгелек Күн басыңды.
Ұлы жер ой көтеріп,
Айналып бара жатыр.
Қозғалма осы сәтте,
Мендегі отсыз көзге,
Ойланып қара да, тұр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу