Өлеңдер ✍️

  04.01.2022
  82


Автор: Айнұр Төлеу

Шерқанат - Күз

Жылауық күздің көзінен,
Бу болып билеп ұшамын.
Мазасын алды жанымның,
Қайтқан құс салған құсалы үн.
Тырнайды көктің кеудесін,
Тізіліп алып шер-қанат.
Шер-қанат жақта жүрек бар,
Жете алмай жүрген мен қалап.
Бітпейтін биік!
Сол жүрек,
жұлдыздарыңа соғылды.
Солайша тағы жердегі,
Тартылыс күшін сағынды.
Сары күз – Сары жұлдыз ғой,
Сағынып мені тамған дүр.
Саған да опа берер ме,
Уақыты жүйрік жалған бұл?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу