Өлеңдер ✍️

  04.01.2022
  99


Автор: Айнұр Төлеу

Құс жолы

Асықпайсың сен мүлде,
Толықтырып кешіккендер қатарын!
Ояу жүрген ұйқыдағы шерлім бе?
Сен күлгенде,
Құс жолына сіңіп бара жатамын.
Қажет пе осы,
Саған қанат, құсты айту.
Жанарыңда жылт етеді жарықтар,
Құс жолына ұқсайтын.
Қара аспандай шындығым!
Қай қазықта байлаулы тұр кіндігің?
Көзіңдегі биіктікте қалықтап,
Келген еді тұнығыңа сүңгігім.
Есебінен жаңылмайды алып Күн,
Алып Күнмен арбасудан жалықтым.
Шұғыласы жүрегімнің бір мезет,
Ескерсеңші, жылдамдығын Жарықтың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу