Өлеңдер ✍️

  04.01.2022
  125


Автор: Айнұр Төлеу

Тамыз-мұң

Мөлдір тамшы дір еткен,
Төмен қарай құлапты.
Көзден емес жүректен,
Сорғалаған сыр ақты!
Қара көздің моншағын,
Мойыныңа ілмеймін.
Тойтарыссыз сонша ағын,
Тоқтатуды білмеймін.
Айтылмаған мен талай,
Қанық едім аңызға.
Аспан жақтан анталай,
Сыр тамады Тамызда.
Шық тұнады мөп-мөлдір,
Күлтесіне гүлдердің.
Мұң құлады көктен мың,
Мен қоштасып үлгердім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу