Өлеңдер ✍️

  04.01.2022
  106


Автор: Айнұр Төлеу

Кімсің?

Сен өзі кімсің осы,
адамбысың?
Шарлайсың ба,
шынымен ғалам ішін?
Мен секілді сағынып бәз біреуді,
Бір-ақ сәтте,
жек көре аламысың?
Түсінбедім, жынсың ба,
перісің бе?
Келмей-ақ қойдық осы
келісімге.
Қу жаныңды жүрмісің
Қуыртпалап,
Сыйдыра алмай,
адамның терісіне.
Қос жанарың
арыңдай айнаң ба еді?
Кімнен тудың және де
қайдан келдің?
Мен секілді таңдарда
жаратқанға,
Жалғызсырап
алақан жайған ба едің?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу