Өлеңдер ✍️

  04.01.2022
  101


Автор: Айнұр Төлеу

Періштені іздеу

Ұлымның көп бізге қояр сұрағы,
Періштенің ай ма дейді тұрағы...
Ақ көйлекті қалыңдықты көре сап,
Дейді анау періште,
Қашан көктен құлады?
Бала емес пе?
Келіс, мейлі келіспе,
Ақ кигеннің бәрі оған періште!
Сеніміне селкеу салғым келместен,
Жауап бермей тұнжыраймын мен іштен!
Ақтың бәрі аппақ әлем түзбейді,
Ақ баланы алдасақ та біз мейлі!
Ертегідей екен деп ол өмірді,
Ешкім әлі көрмеген
Туысқанын іздейді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу