Өлеңдер ✍️

  04.01.2022
  84


Автор: Айнұр Төлеу

Самалға тілек

Сені маған тағдыр тарту еткенін,
Байқамайсың көктемім.
Күркіреген күннен кейін күлімдеп,
Көк аспаннан жеткен үн!
Жүректегі мың сан мұңмен бөліскен,
Жақсы көрем сені іштен.
Жерге қонып ап көгіне,
Қайта алмай қалған Періштем!
Үлгідейін үкілеген үр құсым,
Жарық болсын жұлдызың!
Мұң түрткілеп оятпасын түндерде,
Бөпең жылап тұрғызсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу