Өлеңдер ✍️

  04.01.2022
  103


Автор: Айнұр Төлеу

Дегерес

Дегірейіп жатыр дейді сені жұрт,
Айтты дейсің нені ұғып?
Менің мият-мекенім,
Алатаудың жүрегі сен екенін,
Ұқты дейсің осы кім?
Ұқты дейсің осы кім?
Өзеніңе бұлақ болып қосылдым!
Мөлт еткізіп жас тамыздым арнаңа,
Топырағыңнан гүл боп өстім,
Күн нұрына қармана!
Алатаудың лүпілдеген жүрегі,
Басбатырдың басындағы тірегі.
Бақыт қонар сәтте маған үнемі,
Сол Дегерес аян сынды,
Түсіме ылғи кіреді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу