Өлеңдер ✍️

  04.01.2022
  146


Автор: Айнұр Төлеу

Позитив

Байқаймысың,
Бұрынғыдан басқамын!
Ашық қазір аспаным.
Шаттығымды шырағдан қып жолыма,
Ал қайғымды тұңғиыққа тастадым.
Көңілсіздік,
Жүрген шығар қаңғырып,
Іздеп мені таңды тағы,
Таңғы ұрып.
Ес дейтұғын ескі әлемнің есігін,
Қақпаса екен қайта келіп жаңғырық.
Осы күнім,
Өз-өзіме ұнайды!
Саф санама, сарқырама құлайды.
Ал таң сайын маңдайымнан сипалап,
Самал өзі хал-жайымды сұрайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу