Өлеңдер ✍️

  04.01.2022
  104


Автор: Айнұр Төлеу

Эхоның мұңы

Тереңдік іздедім кеңдіктен,
Іздейді білемін ел біткен.
Көркіне жұтына қарайтын,
Нарыс* па ең, сен әлгі мен күткен!
Көңілді екенсің сен бүгін,
Қайтеміз әлемнің кеңдігін.
Құшағың кеңістік тар ғана,
Алдыңа жығылдым арлана.
Жығылған жоқпын мен, құладым,
Жанымды жайпады мың ағын.
Жаңғырық болмысым мазалап,
Келеді атыңды сұрағым.
Танығым келеді өзімді,
Табыстап беймаза сезімді.
Есіме түсіргім келеді,
Жаңғырмас жан болған кезімді.
Туғанын түсінбес,
Эхоның* бағы үшін!
Сәуірде солатын Нарысым.
Тау-тастан, орманнан іздеп жүр,
Өзіңді Жаңғырық-намысың!

Нарыс* – Нарцисс
Эхо мен Нарцисс туралы көне грек мифі




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу