Өлеңдер ✍️

  04.01.2022
  80


Автор: Айнұр Төлеу

Ерегес

Кеше мен жылаған шығармын,
Ертеңді болжағым келмейді.
Дәл қазір жанып тұр шырағым,
Тап қазір сезімім сөнбейді.
Нақ осы сәтте мен өмірді,
Мызғымас мезетпен өлшедім.
Көбелек қанатын қағады көңілді,
Көңілді көзіңе қараймын мен сенің.
Бұл шақты шақсызға теңедім,
Көрермін, көргенмін демейтін.
Жанымды жаныңмен демегін,
Келгенмін, кетемін демегін.
Ойлама апарар жол жайлы,
Айтатын ақылды сөзді де.
Үркектер үнемі болжайды,
Келмейтін, өтпейтін кезді де.
Көрейік шақтарға бағынбай,
Осы сәт бәрінен маңызды.
Көрейік тағы да сағынбай,
Уақытты жеңгендер тәрізді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу