03.01.2022
  678


Автор: Ғибратты әңгімелер

Абзал іс

Ибн Мүбарак достарымен бірге ғазауат соғысында жүргенде:


– Сендер біздің бұл ісімізден абзалырақ істі білесіңдер ме? – деп сұрайды.


– Білмейді екенбіз, – деп жауап береді олар.


– Мен білем.


– Не екен?


– Жанұясы бар, ары таза адам. Ол түнде тұрып, ұйқыда үсті ашылып қалған балаларына қарайды. Олардың үстін жауып, өз киімімен бүркейді. Оның осы ісі біздің мына ісімізден абзалырақ, – дейді Ибн Мүбарак.


Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу