👈 қаріп өлшемі 👉

  03.01.2022
  211


Автор: Ғибратты әңгімелер

Сенің жазаң – пәленшенің қызы

Пайғамбарлар қиссасында Жүніс (а.с.) пайғамбарға бір топ кісі келеді. Оларды қонақ етеді. Жүніс пайғамбар үйге бір кіріп, бір шығып жүреді. Әйелі оны қиын жағдайда қалдырып, тіл ұзатып жатса да үнсіз жүре береді.


Қонақтар бұған таңданыстарын жасыра алмаса керек, Жүніс (а.с.) пайғамбар оларға:


– Таңданбай-ақ қойыңдар. Мен Алладан «Маған қияметте беретін жазаңды осы дүниеде бере гөр» деп сұрағанмын. Алла Тағала маған: «Сенің жазаң пәленшенің қызы, соған үйлен» деді. Мен соған үйлендім. Міне, сондықтан да көріп отырған нәрселеріңе сабыр етудемін» – дейді.


Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы