03.01.2022
  209


Автор: Ғибратты әңгімелер

Шақыруымды қабыл алыңдар!

Әзіреті Әлидің ұлы Хасан (р.а.) көшеде тіленіп жүрген міскін пақырлардың жанынан өтіп бара жатады. Олар құмның үстіне нандарын жайып жеп отырған болатын.


Хасан (р.а.) қашырының үстінде отырып оларға сәлем береді. Олар:


– «Уа, Алла Елшісінің ардақты қызының ұлы, асқа келіңіз!» дейді. Хасан (р.а.):


– «Жарайды! Алла Тағала тәкаппарлық көрсетушілерді сүймейді» деп қашырынан түсіп, жерге отырып, олармен бірге нан жейді.


Сосын оларға амандық тілеп, көлігіне мінеді де: «Мен сендердің шақыруларыңды қабыл алдым. Сендер де менің шақыруымды қабыл алыңдар» дейді.


Олар келісіп, уақыт белгілейді. Олар үйіне келген кезде ең дәмді астан ұсынып, өзі де олармен бірге тамақ жейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу