01.01.2022
  317


Автор: Жанболат Башар

Жоғалған қала

Сооонау көк жиекпен тістескен сары бел сағым селге батып-шығып, қылт-қылт етіп; кейде кемеге, кейде керуенге ұқсап, енді бірде үзіліп-өшіп қол бұлғап; көгілдір нілге оранып көз талдырады. Шілденің ыстығы үстемдік құрып жер дүниені қуырып тұр. Көктен тамшы тамбай даланың аңқасы кеуіп, шөптің басы қурап, мына ғаламат қапырыққа қапа.


 


Мезгіл ұлы сәскеге жақындаған кез. Көсілген даланың түстігінен ұбақ-шұбақ көтерілген ақ шуда шаң, құла түзді көктей өтіп, құйқылжып барып құмай белден әрі асып, көзден ғайып болған. Соңдарына шаң тастап жосыла жүйткігендер даланың тағысы емес, екі аяқты «темір тұлпармен» құйындай ұшқан жас өрендер болатын. Көптен бері жан баспаған дала жолымен заулаған жолаушылар батыс беткейге жалт бұрылған әлде бір көнерген тас жолға кезігіп кілт тоқтады.


— Мына жол қайда апрады, білесіңдер ме? — деді «сайтан» арбасынан ширақ түскен ұзын бойлы, арықша келген ақсары жігіт достарына бұрылып. Көліктерінен түсіп жан-жаққа көз тігіп, төңіректі шолған жігіттер мардымды ештеңені болжай алмай:


— Не де болса осы жолға түс, бара көрейік, — дескен.


Құтыларынан су ішіп шөл басқан жолаушылар, келесі сәтте ескі тас жолмен жүйтки жөнелді. Көне жолдың ернеуі мүжіліп, әредік тілім-тілім жарылғаны болмаса әлі де әу бастағы сынын жоймаған. Жолаушылар қырат қырды қақ жарып, қасқайып жатқан тас жолмен гулеп келеді. Жолдың екі қабағын жабайы шөп басып, талай жылдан бері жан баспағанын әйгілеп тұрғандай.


Сөйткенше болған жоқ жолдың оң қапталынан үлкен жарнама тақтайшасы көрінді. Заманында бедерлеп жазған әшекейі мен өрнегі ақжем болып оңып, тозып кеткені сонша — әуелдегі нұсқасы көзге ілінбеді. Оның есесін кейінде қалай болса-солай қолмен шимайлай салған жазудың өше бастаған ізі «мені көрдің бе» дегендей еміс-еміс бұлдырайды. Жолаушылар үлкен ваннердің қарсысы бетіне аялдап, әлгі жазуды жабыла оқып: «Призрак» деген сөздің сұлбасын танығандай болды.


«Бұл не, не нәрсе?» деген сұрақ үшеуінің де көкейін тесіп, соның жауабын іздегендей «темір тұлпарларына қамшы» басқан. Әні-міні дегенше боз даланың белінде боз мұнарға малынған әлде бір зәулім қала алдарынан кес-кестеп көз қарып, жарық ете қалды.


— О! Мынау не керемет, араңдар ?! Осындай да қала бар екен-ау ?!


Заулап келе жатқан үш жігіт, іркес-тіркес қалт тоқтады. Соңдарына ілескен ақ бұйра шаң бұрық етіп алға озды.Таңырқағандары сонша — үшеуі де сөйлей алмай қалған. Іштерінен: «Бұл қандай қала?» десті. Мұнартып тұрған жұмбақ шәрге жолаушылар қанша зер салып, шұқшия қарағанымен ештеңенің байыбын түсінер емес. Содан кейін: «бара көрейік» деп іркілместен алға озды. Сол екпінімен заулаған жолаушылар шағылып қираған, шаң басқан белгісіз шаһарға келіп кірді. Қалаға дендеп бойлаған сайын Әділеттің денесі мұздап, жотасынан қоздап құмырсқа жорғалағандый тұла бойын суық тер жууып өтті.


Алдарынан самсаған дүкендер, салтанатты сарайлар шығады деп ойлаған олар, құдды қабырстанға кіріп кеткендей: қорқыныш ба, таңданыс ба айырып болмайтын күй кешті.


Ең қорқыныштысы — қаланы кеулеген өлі тыныштық еді. Бұрын-соңды бұндайға кезікпеген байтақ елдің балалары есік-терезесі үңірейген иесіз үйлерді көргенде, ауыздарын ашып, естері тана қайран қалысты. Ол ол ма, өлі қаланың келесі көшесіне шыға келген де алдынан алысқа көз тіккен, алып тас мүсін жалт етіп, мезгілсіз «қонақтардың» пысын басып, үрғй шып тұ. Заманында қызыл тастан қашалған, басы мен иығына құс саңғыған қызыл ескерткіш атар таңды қарсы алып, батар күнді ұзатып әлі жүжи жыл осы қалпы сознан таймастай, көка олы.


Анааау есік терезесі үңірейген, иесіз үйлер оған үрке қарайтын сияты. Біздің жайды содан сұра дейтін сияты. Әр үйдің терезінен үрейлене көз тіккен үркінді «елдің» жанры осылай қарай анталап тұрғандай ма, әйтеуір бір суық, зілді ызғар бет шарпы, жігітіттердіен. Олар өз көздеріне өздері сене алмай мотациклдерін гүр-гүр еткізіп, ен көшени бой жүйткіп, аланың қақ ортасына табан тіреді. Зәулім үйлер мен заңғар ғимараттардың ортасында тапжылмай қасқайып тұрған, әлгі басы мен иығына құс саңғыған алып ескерткішке бұлар да, құдды құдайандаға құлілішлы. Содан бір жауап күткендей. Дәл осы кезде мерез мелшиген өлі қалаға құлаққа жат, тосын дыбыстың сарыны жетті. Әлде бір уілдеген үн. Ненің даусы екеніне шақырусыз келген «беймезгіл қонақтар» онша мән бермеді. Көліктерін доғарып, есік-терезесі үңірейген көрдей суық үйлерді көруге өкше көтеріскен. Есіз үйлерден не іздегендері белгісіз. Тіпті, ауіп-атерден ада. Әділет пен Тимур көліктерінен түскен бетте жан-жақтарына қаперсіз қарап, атар-атар сап түзеп, самсаған қабатты үйдің біріне енді бас сұға бергендеары, лгінеды лгінеги уінеги. Сол мезет бұлар өздеріне қарай тұс -тұсынан андыздап, қаптап келе жатқан төрт аяқты хайуандарды байқап қалды. Әділет пен Тимурдің соңынан ерген Ашур көп ойланбастан үйден атып шығып, екі аяқты «сайтан» арбасына қарай ұмтылды. Қалған екеуі, қашар-қашпасын білмей, һам өздеріне қарай ашкөздікпен ағып келе жатқан қызыл-сары иттердің қарасын байқап, көздері атыздай болды. Тұрысатын уақыт ба ?! Жалт бұрылған олар есіз үйдің баспалдағымен жоғары қашты. Ойлануға мұрша жоқ.


— Бұл не бәле? Ит емес, жабайы жыртқыштар ма!? — десіп Тимур мен Әділет жарыса сөйлеп, жалтақтап арттарына қарасты. Ал далаға қашып шыққан Ашур көлігіне жетіп, дереу оны от алдырысымен орнынан атқый жөнелді. Жан-жақтан суырыла жүгірген жабайы иттердің бір тобы солай қарай лап қойды. Тс-тұстан төтелей қуған иттер көліктегі жігітке қапталдаса шапшып, бірі тірсегіне, енді бірі білегіне жарасып, жалт-жұлт етіп, жағалап бара жатты. Жабайы иттердің енді бір тобы есіз үйге қашып кірген екі жігітті өкшелей жөнелген.


Қатарласы жарысып, жабыла қуған ашқұрсақ иттер Ашурды ұзатпады. Көлігімен қоса омақаса ұшқан ол жанұшырып, көше бойындағы әлде қашан қурап қалған, жуан молақ ағашқа өрмелеп бас сауғалады. Ең соңғы құтқарушысы сол секілді, соған жармасып, жанталасып: бұтақ пен жапырақтан жұрдай, тыр жалаңаш, безеу бет шал сықылды, шор-шор болып семіп қалғаны молақ ағаштың басына ша. Сол мезет тосынан ағып келген дәу сары ит ағашқа өрмелеген Ашурға шапшып, екі аяғымен жігіттің арқасына, мойна жабысып, аузын желкесіне салды. Адам алып үйренген алапат азулы төбет мына екі аяқтыны «кісі-ау» деп жасқанатын емес. Ашур итті шынтағымен ұрам дегенде итпен қоса жерге ұшып түсті. Артынша тыңнан қ пакетған тағы бірнеше ит ар-гүр ырылдасып, жас жігітті қас пен көздің арасында талап, жоқ қылды.


 Есіз үйге тығылып қалған екі жігіт иттердің ырылдасқан даусы басылған кезде мына арадан табандарын жалтыратпақ еді. «Ең бастысы көлікке жетсек» деп ойлады олар. Бірақ әлгі төрт аяқты хайуандар бұларды аңдып, есіз үйдің кіреберісінде: кейбіреуі көздерін үйдің есйдің есігіне қадап екпетінен жаты башансақрі рі? деп иессін тосқандай бағып тұр. Ешқайсы ит болып дыбыс беретін емес. Мүлде үрмейтін хайуандар.


Бұлар бір кезде иелері жұртқа тастап кеткен содан тарап, өсіп-өнген қаңғыбас иттердің тұқымы ма, әлде басқадай бір зауалдың зардабы ма, оны ойлауға жіңгіма тэпалад. «Қас пен көздің арасында басқа бір кеңістікке, әлгі айтып жүрген қатарлас әлемге өтіп кеттік бе», деп араны ашылған жабайы иттерден жандары түршіге қорықты; «Бұдан енді қалай құтыламыз?» деп жанталасты.


Мынау есіз қаланың ендігі қожалары да осылар секілді. Сықпыты солай, баз-базда байқамай есіз шаһарға еніп кеткен тіршілік иелерін тарпа бассалып жеп қоятындар да осылар-тын. Манадан бері топ-топ болып, тұс-тұстан ағылған иттер жемтікке таласып өзді –өзі қырқысып, ұмар-жұмар шайнасып, күші басымдары бірін-бірі жеп саябыр тапқан. Өздері үйір-үйір болып топтасып жүретінге ұқсайды. Ал жемтікке келгенде бір-бірін аяры жоқ, жемтікпен қоса жалмап қоятын сықылды. Қазіргі сәтте де мезгілсіз «қонақтардың» ізін аңдыған ұялас иттер есік көзіне телміре тесілуде.


Жігіттер болса тезірек мына арадан кеткісі келіп, жабайы иттердің аңысын аңдып, дыбыстарын білдірмей баспалдақпен ақырын-ақырын тө түсіп, сытыға білдіғу. Бір басып, екі басып, екінші қабатқа жеткен Әділет есік алдында өздерін аңдып жатқан жыртқыштарды көзі шалып, дереу жоғары қарай зыта жөнелді. Есік көзінде жатқан үлкен қызыл ит, оның соңынан ерген бірнеше нән төбеттер бұларды көрген бетте тап берді. Жұлқына ұмтылған иттер екеуін өкшелей қуды. Жан беру оңай ма? Екі жігіт іркес-тіркес жүгіріп, бесінші қабаттағы төбеге шығатын жалғыз сатыға жармасты. Әділет артта болатын, Тимур одан бұрын жетіп сатымен жоғарыға ытқып шықты. Оның өкшесін ала жеткен Әділет де сатыға ұмтылып, жанталаса жоғары өрмеледі. Бұл уақытта төбеге бұрын шыққан Тимур Әділеттің қолынан тартып, тез шығарып алуға асыққан. Бірақ қызыл ит атқан оқтай атылып келіп Әділеттің балтырына ауыз салды. Соған қарамастан Тимур Әділетті жоғары тартып, жыртқышты басынан теуіп әзер құтқарып алған. Қызыл ит аузын жалап жоғары шапшығанда екі жігіттің де үрейі ұшты.


— Мыналар ит емес, нағыз шибөрі ғой, — десті екеуі. Иттерден зәресі ұшқан Тимур шатырға шығатын люкті жауып, оның үстін сынған қыштармен бастырып тастады. Әділеттің ит тартқан балтырының жарақаты ырсыйып жаралы жігіт жанын қоярға жер таппай, көпке дейін зар қақты.


Күн еңкейіп ұясына қонуға жақындаған кез-тін. Бес қабатты үйдің айналасын торуылдаған иттер, жау аңдыған жасақтар секілді, нысаналы жерден шегінер емес. Осы кезде бұлардың исін сезіп сілекейі шұбырған тағы бір тобыр қалың иттердің құлақатары әріректе қылт-қылт етіп бой көрсетіп қалды.


Тимур жаралы досының балтырын өзінің жейдесін жыртып сонымен таңып байлаған болды.Түнге қарай бірталай қан жоғалтқан Әділет талықсып ұйықтап қалған, таңғесіна қы. Тимур болса түнімен көз ілмей «үйдің айналасын қарауылдаған қалың иттің қарасы өше ме?» деп соны аңдыды. Таң алдында екпетінен жатқан қалпы шатырдың жиегінен сығалағанда қызыл ит бастаған хайуандар есіз қаланың батысына қарай шұбап бара жатқанын байқады. Со қалпы қозғалмай жатып төңіректі түгел шолды. Тырс еткен дыбыс жоқ. Соған қарағанда «иттер кетіп қалған екен» деп ойлаған, сөйтсе олай емес, қыбырлаған тіршілік иесін аңдып, жемтігін қалт жібермей қылтадан басыпдаміқірен. Үйді торуылдап бларды аңдыған иттердің бір шоғыры есік-терезесі үңірейген есіз үйдің төңірегінде топ-тобымен құлақтары қылтияды.


Кенет Темір тосын бір ойға келді. Артынша ол үй төбесінде шашылып жатқан қыштың сынығын, түрлі кесектерді бір жерге жинады. Аса көп болмаса да біршама қиыршық кесектерді дайындап алған ол, шатырда тұрып иттерге айғайлап «кә, кә, кә» деп дауыстап шақырды. Бұлар адам көрмеген мақұлықтар, дауыс шыққан жаққа жалт қарағанымен мұны түсіне қойған жоқ, қайта сақтық жасап, құлақтарын жымып, ырылдап, ендлақтарын жымып, ырылдап, енді біре реулері ыгітары. Тимур тағыда айғайлады, бұ жолы мынау мелшиген меңіреу қалада тірі жан бар ма деп, даусы қарлыққанша үздік-создатели айғайлады. Оның даусын іліп ала жөнелген қаңыраған ғимараттар жаңғырып ай..аааай, деп қайталап жатты. Ит жатаққа айналған есіз қалада төрт аяқты мақұлықтардан басқа тіршілік белгісіқалар емес.Үздіксіз айғайлаған дауыстан басында жасқанып қал маған бійрінда-солидар-тіршілік. Сол сәтте Тимур төмендегі иттерді нысанаға алып, қыш кесектермен атқылдай бастады. Тас тиген иттер «қаңқ» етіп кейін сырғығанымен бой салып қорқатын емес, қорыққаның не, жерге дүрс-дүрс түскен кесектерді «бұл не бәле» деп искелеп әлек. Сөйтіп тұрғанда бір үлкен, ауыр кесек үй іргесіне жақын тұрған сары иттің қақ төбесіне түсті. Ол болса тұрған жерінде серең ете қалды, артынша аяқтары ербеңдеп орнынан ұшып тұрып, белі үзіліп кеткендей кирелеңдеп, бөксесі майысып айналашықтап барыплады. Сәлден соң босыған иттер жаралы хайуанды әрі-бері искеп: «бұған не болды?» дегендей соның маңына иірілді; Тұруға шамасы жетпеген «бейшараның» әлсіз денесін тұс-тұстан тартқылап, таласып-тармасып ақыры жарып жеді. Тимурдың денесі тітіркенді, мына арадан аман шығудың, тіпті де оңайға түспесін енді ғана сезгендей. Есіз қаланың өздері келген тұстағы алып ескерткіштің маңында шоғырланған тағы бір топ иттерді көргенде бұл арадан тірі шығудың мүле оңай болмасын түсінді. Мотоцекілдері бұлар тұрған үйден он-онбес қадам жерде тұр. Сол он бес қадам жерге жетудің өзі, арыстанның аузында тұрғандай қауіпті.


Бұл кезде жарақаты жанына батқан Әділет қиналып, ыңырсып түс көріп жатты. Түсінде әкесі мен шешесі, екеуі де дәргер еді солар үстеріне әдеттегідей ақ қалат киіп алған, бұның қасына келіп қарап тұр екен. Әділет оларға «Мама, Папа» деп қолын созып көмек сұрағандай ұмтыла бергенде екеуі де көзден ғайып болғаны. Ұйқыдағы Әділет «Мама, Папа қайдасыңдар?» деп соларды іздеп, алқынып: «Қайда, қайдасыңдар?» деп қиналып оянды. Көзін ашқанда Тимур бұған үнсіз қарап отырған.


Түсінен шошып, басын көтерген Әділет кешегі жағдайды есіне түсіріп:


— Тимур, аналар бізді әлі аңдып тұр ма?


— Торуылдап кететін емес, өздері өте көп екен.


— Енді қайтеміз? Бұл жерге қалай келдик? Ашур не істеді екен? — Деді.


— Ашур досымыз енді жоқ, жыртқыштарға жем болды, — деді көзі жасаураған Тимур. Жарақаты жанына батқан Әділет біразға дейін қиналып отырды. Ит тартқан балтыры домбығып, қаны тоқтағанымен ырсыйған жараның беті кеберсіп, тырысып, ораған шүберектің шеті жарамен бірге қатып қалыпты.


Екеуі есіз үйдің үстінде тұрып төңірекке көз жіберді. Анау зәулім ескерткіш тұрған маңай қаланың орталық алаңы болса керек. Өткен дәуірде қызыл граниттен өрілген аумағы атшаптырым айлапат алаң енді қаңырап, аңсып тұр. Ескерткіштің артқы жағында тағы бір заңғар ғимараттың қаңқасы қарайады; шекесінде алдақашан тозып көмескі тартқан орақ балғаның нобайы болар-болмас себезгілейді. Осы кезде қаланың күн батыс жағынан тағы да бір тобыр ит әлгі қаңыраған алаңға жетіп, иіріліп, бір-бірін қуып, алаңсыз алысып жүрді. «Шамасы бұлардың тоқайласатын орындары осы болғаны ма?» — деп Тимур мен Әділет қаптаған иттердің қарасына шошына көз тікті. Мұншама көп ит, құдды еру жасап жатқандай, аяқтарымен жер тырнап, шабынып, тілдері салақтап, ауыздарын аңқайта ашып, кериліп-созылып дүр-дүр сілкінеді. Енді біразы зәулім ескерткіштің етегіне келіп, артқы бір аятарын көтеріп, ит қылығын жасап шаруаларын тындыруда. Мына есіз қаланың ендігі иелері де, тұрғындары да осылар дерсің. Ештеңеден жасқанар емес, қайта билеп-төстеп, иемдеп алғандай, тым еркін.


Өлі тыныштыққа мүлгіген есіз қаланың қақ төрінде сопиып тұрған зәулім ескерткіш қана әлде бір жұмбақ дүниенің сырын бүгіп, ал-алө көзздісс Кенет зәулім тас мүсіннің маңына жиналған қалың ит тұмсықтарың зеңгір көкке созып ұлыды дерсің.Үнсіздіктен тынысы тарылған есізерн шаһарң аспанын үлыды дерсі есізерн шаар ңң аспанын үлыні дейан итоги.


Көздері шығып, ауыздары үңірейген, тас қаланың зәктенген ғимараттары ұлыған иттердің дыбысын іліп әкетіп күңіреніп, тас керең тыныштыққа қайта сүңгиді.


Есіз шәрге тұтқын болған екі бейбақ, ұлыған иттердің даусын естіген сайын әлде бір жұмбақ әлемнің оқпанына құлап кеткендей түсініксіз күй кешуде. Анау үңірейген үйлерге көздері талғанша қарады: содан бір жылылық іздегендей, тым болмаса осынау қаптаған үйлердің неге қаңырап қалғанын білгілері келіп; ит жатаққа айналған есіздіктің сырын ұқсақылары келіп; тас қаланың алба-жұлба бетіне ұза үңілді. Ара –тұра зәулім ескерткішке көздері сүрініп, осы зауалдың түйіні сонда тұрғандай бір сәт соған өштері кеткендей тесіле қадалды. Тимурдың ойына өзінің туып өскен— Шығыс-Қоңырат кенті келді. Бір кезде бірнеше мыңдаған адамға жайлы қоныс, жұмақ мекен болған сол ара кеңес одағы ыдыраған кезде ойпы-тойпы жоқ болды. Әуелі өндірісі тоқырады. Жұмыссыз қалған қара жұрт, сең ұрған балықтай сенделіп, үлкен қалаларға шұбырды; біразы тарихи отандарын іздеп жан-жаққа үдіре көшті. Сөйтіп бір кездегі жайлы мекен жер бетінен жым-жылыс жоғалды. Ол да уелі есіз қалды, одан соң үйіндіге айналды. Ол да табиғаттың заңынан зардап шекке жоқ, адамзаттың заңынан зауал кешті.


Тимурдің әкесі Табилганов Ким Табилганович деген кісі заманында әлгі Шығыс-Қоңырат деген әйгілі кеніште бұрғышы болып еңбек етті, қаршадайынан қара жұніп болігі. Анасы Евдокия Евстигнеевна Коржух деген ұлты бәлкім татар, бәлкім орыс, мүмкін украйн ба, кім болса да, аса бір мейрман, балажан адам-тын. Сол кісі айтып отыратын: әкесі Ким Табилгановичтің ұлты қазақ екенін, оның әке-шешесін отызыншы жылдардың алапат аштығы жалмап панасыз қалған бүлендіншін есімі неге Ким болып жазылғанын өзі де, басқалар да біле бермейтін. Соған қарап кейбіреулер оны: «Крістермен жақындығы бар ма?» деп те ойлайтын. Әкесі Ким Табиалгнович жұмыс кезінде болған апаттан көз жұмып жалғыз ұлдың тәрбесі анасы Евдокияның мойнына түсті. Обалы қане, шешесі Тимурды ешкімнен кем қылмай өсірді. Әкесі Ким алғашқы жылдары атақты Қоңырат деген кеніште жұмыс істеген ғой, тіпті қаршадай кезінен бастап, еңбекке араласқан. Кейде әйелі Евдокия күйуінен сұрайды екен: «Сен неге қазақ қызына үйленбедің, жасың отызға толғанша сүр бойдақ болып жүргенсің?» деп. Ондай кезде күйеуі азырақ мұңға бататын. Қазақтың бір инабатты қызын бұл да бір кісідей жақсы көріпті. Қыз да «кет әрі» болмаған. Алайда, қыздың ағалары бұған: «Сенің тегің түсініксіз, әкең кім, шешең кім? Дінің кім, тілің кім? Қайдан шыққан жансың? Руың жоқ. Аржағың беймәлім, сондықтан қарындасымының маңына жола ма! » деп шегелеп айтқан. Ондай кезде күйеуі азырақ мұңға бататын. Қазақтың бір инабатты қызын бұл да бір кісідей жақсы көріпті. Қыз да «кет әрі» болмаған. Алайда, қыздың ағалары бұған: «Сенің тегің түсініксіз, әкең кім, шешең кім? Дінің кім, тілің кім? Қайдан шыққан жансың? Руың жоқ. Аржағың беймәлім, сондықтан қарындасымының маңына жола ма! » деп шегелеп айтқан. Ондай кезде күйеуі азырақ мұңға бататын. Қазақтың бір инабатты қызын бұл да бір кісідей жақсы көріпті. Қыз да «кет әрі» болмаған. Алайда, қыздың ағалары бұған: «Сенің тегің түсініксіз, әкең кім, шешең кім? Дінің кім, тілің кім? Қайдан шыққан жансың? Руың жоқ. Аржағың беймәлім, сондықтан қарындасымының маңына жола ма! » деп шегелеп айтқан.


Көзіне қамшы тигендей басын кегжең еткізген осы бір уытты сөз оның санасында мәңгі қалды. Өмір бойы дәл осылай оны ешкім қорлаған емес, дәл осылай оны ешкім табалаған емес. Әлгі сөздің уты тұла бойын шарпып еңсесін көтертпеді.


 Шынында да, бұл қайдан шыққан? Ке кім, еше кім? Анау айтқан руы кім? Бұнда соның бірі жоқ. Тамырсыз тас жетім болғаны ма ?! Әр жағында кім бары белгісіз. Сонда өндір жас Ким жанды жеріне тиген ауыр сөзге шыдай алмай шегіншектеп, мүсәпірдің күйін кешті. Қорыққаннан емес, қорланып түсініп болмайтын иірімге батып бара жатты.


Ақыры өзінің кім екенін білсем деп тегін зерттеп те көрді. Сонда білгені — уайымын сейілтпеді, тіпті өзіне айықпас азап тауып алды. Мұның Табиалгнов деген тегі ешкімнің аты емес «тауыпалған» деген сөз болып шықты, ал есімі деген тармаққа қапелімді балаға ат қоя алмай «кім» жазаа ат қоя алмай «кім» депаған, балам заты жалған.


Содан бастан ол — ру, тек деген сөзді естісе ескі жарасы қабынып қалтырап кететін.Тіпті тілі мен дініне де бойсұна алмады. Дүр дүниеде дүбара болып ғұмыр кешті. Жасы қырықтан асып балалы-шағалы болғанда ғана «біз жоғалған ұрпақпыз» деп ауыр күрсінетін еді Ким жарықтық.


... Баяғыда жаңа ашылған өндірісте ФЗО – ны бітіріп келген Ким секілді тұлдыр жетімдер аз болмаан. Олардың қалай бас құрағанын қайдам, әйтеуір, Кимнің махаббатта жолы болмағаны анық-ты. Сөйтіп жүргенде, құдай иіп бастықтар бұл мәселені шешу үшін ресейдің шалғай өлкелерінен екі жүзге тарта өрімдей қыз-келіншекетерді ыз-келіншекетерді, алдыпліділаны. Несін айтасың, ол бір естен кетпейтін ғажайып күндер-тін. Күн ара кездесу, алау-далау кештер, думан-той жалғасып жүре берген. Күзгесалым сүр бойдақтардың дені басқұрап үлгерді. Кимнің де жолы болып Евдокия деген арумен көңіл қосты. Балалы –шағалы болды.


Кеше қаңғыбас иттерге жем болған достары Азаның шешесі Галина Федоровна Гафарова татар қызы болатын. Оның да әкесі кеніште еңбек етті, кейін балқытушы болып талай жыл балқыту пешінді от көсеген, ұлты қазақ Елчибеков Мунадил Елчибекович, көпшіліп оны Мишетк найл. Оның да тағдыры Тимурдің әкесі Ким Табилгановичтікіне ұқсас болатын. Ол да балалар үйінде өскен тұлдыр жетімектің бірі-тін. «Айлас қатын — мұңдас» демекші бұлардың әке-шешелері туысқан адамдардай бір-бірімен жиі араласатын. Балалары да бірге ойнап, қатар өсті. Аза отбасындағы балалардың ортаншысы-тын. Шын есімі Әзберген, (өздері Аза деп кеткен,) өте ширақ еді. Көрдің бе, мына тас қалаға келіп, қайдағы бір қаңғыбас иттерге жем болып жоғалып тынды.


***


Жерге түсуге жүректері дауаламаған екі жігіт аптадан аса биік үйдің төбесіне бой тасалады. Өздері де сүлік сорғандай саудырап сүйектері қалған. Жел қағып, күн қақтаған түрлері қайыстай қарайып, шүңірейген көздері ғана шыңыраудың түбіндегі бір тамшы судай жылтырайды. Аштық пен шөлден көздері бұлдырап кетсе де, иттердің аңысын аңдуда. Сол күні олар тағы да, күн ұясына қонса деп соны тосты. «Күн кешкіріп төңірек қараңғылық құшағына енгенде мына хайуандар жөніне кетер, бізді қашанғы дейін аңдыйды? Кететін шығар, со кезде бұ жерден сытылып шығармыз, »деп үмітенген. Өздері соған іштей сеніп, биік үйдің төбесінде жатып шатырдың ернеуінен төрт аяқты дұшпандардың қимыл-қозғалысын қалт жібермей бақты. Бір жағынан шөл қысып, тілдері ауыздарына симай ауыр азапқа душар болған жігіттер әлсіреп, ара-тұра қалғып-мүлгіп отырған.


Тымырсық ауа. Өлі тыныштыққа мүлгіген есіз қала. Осынау есіздік пен үнсіздікті иттердің ұлыған үні бұзды. Үздіксіз уілдеген зарлы үн тас қаланың тақсыретін аяусыз төгіп, жарық жалғананан шошындырып тұрғандай. Иттердің ұлығаны біразға дейін басылмады.


 Бұл уақытта аштықтан әлсіреген Тимур талықсып, ұйықтап кетті. Әділет болса сол күні де көз ілмей ауру аяғымен арпалысты. «Осы бір ит жемеде қалған, иессіз қалаға қайдан келдік, қалай тап болдық?» деген өкініш өзегін өртесе, ісік кеулеген аяғы бүкіл қарасанын кеміріп, дерті жанына батып безек қақтыруда. Әбден қиналған ол ауру аяғын сүйретіп шатырдан түскісі келді. «Неде болса кетейікші» деп аласұрды. Сол оймен Тимурды жұлқылап:


— Тимур, тұршы кетейік. Маңайда иттер жоқ секілді, — деді. Аштық пен шөлден әлсіреп жатқан Тимур көзін самарқау ашып орнынан сүйретіліп бара жатқан досының соңына жанарын ілестіргені болмаса қозғаларға қауқары болмады. Оның бұлдыраған санасы ғана тірі секілді, қалған денесін мүлде сезуден қалғандай, тағы да көзі жұмыла берді.


Бұл уақытта жаралы аяғын сүйреген Әділет төменге бет алған. Қолына күректің сабы секілді бір тұтам кеспелтек ағаш ілініп, соған таянып, тура сыртқы есіктің көзіне дейін сүйретіліп зорға жетті. Мезгіл түн жарымынан асып кеткен. Алтын табақтай болып ай туған. Желсіз тымық түн.


Тимурға қарайлап артына бұрылды. «Жарайды» деді ол ішінен, «иттен аман құтылсам, сені келіп құтқарам, шыда, шыда» деп алға жылжыды.


Неше күннен бері өздерін аңдыған иттердің мінезіне ептеп қанғандай. Бұлар әсте үрмейтін, тіпті дыбысын білдірмейтін бір зәлім төбеттер болса керек, жемтігін үнсіз келіп тарпа бас салуға дағдыланған. Қаңғыбас иттердің де, осыншалық өсіп адамға қауіп туғызатынын тіпті де ойлап көрмеген екен. «Итті жеті қазынаның бірі, адамның досы» дейтіні қайда? — деп бар күшін жинап, төңірекке ұрлана қараған ол сыртқы есіктен шыға беркті. Үйдің бұрышына дейін келді. Қауіпті ештеңе байқалмады. Маңай тып-тыныш. Жанын шүберекке түйгендей жаралы аяғын сүйретіп, қол созым жерде тұрған мотоцикліне ілбіді. Қарыс жер, мұнша ұзақ болар ма ?! Сүттей жарық ай сәулесімен айнала ағараңдап, боз нұрға малынып, тыныштыққа ұйыған. Әні сайтан арбалары әнеукүні өздері доғарған жерде бұларды тосып маңқиып тұр. Темір арба, әрине, иттерге керек емес, әрі өткен-бері өткен төртаяқты хайуандар искелеп, қаласа арытқы аяқтарын көтеріп бір-бір шаптырып кеткені болмаса бәлендей зала тимеген. Әділет көлігін көріп «мына ит қорлықтан құтылсам», — деп жанығып алға жылжыды. Кенет бірдеңе сықыр ете қалғандай болды.


— Шөп сынды ма, төбеттер байқап қалды ма? — Деп Әділет жан-жағына жалт-жұлт қараған да, таяқ тастам жерде соңынан баспалап келе жатқан бірнеше итті көзі шалды. Көздері жанып, көрден шыққан сайтандар дерсің. Қолындағы ағашты көлденең ұстаған Әділет ұмтыл берген біреуіны бастан сілейте ұрып жіберді, сөйткенша тұс-тұсынан өршелен шапшығаны бірнеш ит бірі басын, бірі аяғыной жармасып, Әділетті таяқ сермеуге үлгертпей тарпа бас салда. Артынша апыр-топыр алысқан адам мен қызыл ала төбеттер ұмар-жұмар жұлқыса жағаласып, қою шаңмен араласып кеткен. Әлден со жігіттің ай, .. и ... и деген қинала ышқынған даусы ғана естіліп, ізінше иттердің «ар-гүр» еткен үні ауада қалқып тұрды.


***


Ызыңдап жел соқты. Ай жарығымен қарауытқан екі мотоцикл жоғалған қаланың қараңғы бұрышында қаңтарулы қала беді.


Шығыстан шашырап тағы бір таң атты. Құбылып жел соқты. Желмен бірге қаңыраған көше бойындағы әлдеқашан қурап, семіп қалған мұқыл ағаштар гулеп, ызыңдап мұңлы зар төкті. Көзі шығып, аузы үңірейген мылқау үйлердің қақ ортасында ештеңені қаперге ілмей қаздиған биік қызыл ескерткіш қана тас тұғырдан таймай алтейқа жілол.


Бес қабатты есіз үйдің төбесінде жатқан Тимур күн шақырайып төбеге келгенде: зілмауыт болған денесін көтеруге әл-қуаты құрып, аңқасы кеуіп, әлды да бініреуді. Анасының даусы ма? деп ойлады ол. Талайға дейін есін жинай алмай талықсып жатты. Көзин әнтек ашқанда шайдай ашық көгілдір аспанды көрді. Қасында біреу ұйықтап жатқан секілді. Со жатқаннан зеңгір көктің алыс түпкіріне көзі талғанша ұза қарады. Көк аспан дегені көк теңіз сықылды, асау толқындары бұлардың кемесін аяусыз шайқап әлде қайда алысқа алып бара жатқандай; енді бірде мына жоғалған шәрдан шыға алмай адасып жүргендей. Бір мезет көз алдын көмкерген боз мұнардың арасынан алда қашан өліп қалған әкесі Ким Табилгановичтің мұңлы жүзі жылт етіп көрініп: «Балам, жзі жылтіп көрініп»: «Балам, ж онзі жлтіп көрініп»: «Балам, сен он мрнніда. Ізінше мұнартқан дүние бірте-бірте сөне берді.


 Шығыстан шашырап тағы бір таң атты. Құбылып жел соқты. Желмен бірге қаңыраған көше бойында қаз-қатар тізілген— әлдеқашан қурап, семіп қалған, мұқыл ағаштар гулеп, ызыңдап мұңлы зар төкті. Көзі шығып, аузы үңірейген мылқау үйлердің қақ ортасында ештеңені қаперге ілмей қаздиған биік қызыл ескерткіш қана тас тұғырдан тайғысы жоқ.


Аулақта тұмсықтарын зеңгір көкке созған жабайы иттер жоғалған шәрдің зарын айтып ұзақ-ұзақ ұлыды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу