Өлеңдер ✍️

  29.12.2021
  262


ӘСЕТ АҚЫЛЖАНОВ

* * *

Аңдатпа: Қазақ елінің жастарының бойындағы намыс, жігер һәм қайраттылықты ояту. Бізге дейін және бізден кейінгі жандардың үмітіне селкеу түсірмей, қазіргі жастардың жауакершілкті сезінунімен қатар, бәсе- келестік қабілетін жоғары деңгейде ұстап, білімнің бірінші орында екенін түсіндіру.


 


Аннотация: Возродить честь, силу и мощь молодежи казахс- кого народа. Оправдать надежду тех которые были до нас и будут после нас, разъяснить молодежи важность ответственности, конкурентоспособнос- ти и первостепенности знания.


 


Abstract:   To revive the honor, strength and power of the youth of the Kazakh people. To justify the hope of those who were before us and will be after us, to explain to youth the importance of responsibility, competitiveness and the priority of knowledge.


 


* * *
Көзімнің жылу беріп оты көпке,
Өшіре алмас не тұман, не түнек те.
«Шығаршы» деп жатқандай соққы беріп,
Жұдырықтай жүрегім көкіректе.
Жібі болса бітеді инеге тіл,
Дәл осындай түсірді күйге не түр?!
Жұлқындырып бойымды бір керемет,
Тау қопарар құдірет билеп отыр.
Жас жігіттің жігерін құм етер кім?!
Санамды сергектікпен түнетермін.
Бұл өмірдің жұмағы – жігіттік шақ,
Мен дәл қазір жұмақта жүр екенмін!
Білімнен де мықты боп білектен де,
Сенімді ұялатам жүректерге.
Бәсекенің шебері атанамын,
Нық тұрып, белді буып күн өткенде.
Жасты көрсең ерінбе, жақ алауын,
Қадағала әр ісін саралауын.
Қарап қалса дүние бос кетеді,
Талаптанса жасайды қалағанын.
Ел ертеңі – жастарды қарт шыңдайтын,
Еңбегін ауаға бос қалт ұшырмайтын.
Ерікті азаматтар еленбейді,
Емендей бола алмаса шарт сынбайтын.
Мақсатқа жақындармын, ұзамаспын,
Мен жаспын белестерді жүз әрі астым.
Мағжанның сеніміне дақ түседі,
Есімін шығармасақ біз Алаштың.
Бұзылмай қаймағым да, қамалым да,
Қарсы тұрдым қайғы мен қара мұңға.
Білімді көтеремін көк төбеме,
Дұшпанның қалмау үшін табанында.
Өмірді жастар еді қалыпты еткен,
Біреуі Күн, бірі Ай боп жарық төккен.
Осы еді басты құрал – намыс, жігер,
Кешегі Қайраттардан қалып кеткен.
Ел дегенде көз жұмды алаңдап ер,
Көз жеткізгің келсе егер алаңға кел.
Бар әлемнің тетігі жас қолында,
86 жастарым соған дәлел.
Нар атанға артқан соң елім жүгін,
Мәңгі арқалап өтемін сенім зілін.
Жастар жылы дегенің – менің жылым,
Жастар жыры дегенің – менің жырым.
Әлсіздіктің алмастан бағы байлап,
Күшті сарпы еліңнің қамын ойлап.
Жалғанды жалпағынан басу керек,
Жастықтың тұрған кезде жалыны ойнап…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу