28.12.2021
  330


Автор: Жібек Ысқақова

8 наурыз құттықтау жаныма

Айым, күнім, жұлдызым жарқыраған,
Сегізінші наурызың құтты болсын.
Әрбір күнің нұр шашып, шуақ шашып,
Гүл өмірің ән менен жырға толсын.

Бұл көктемнің алғашқы мерекесі,
Бақ әкелсін сүйіктім бір өзіңе.
Бар жақсыны тілеп мен жаным саған,
Шын жүректен арнаймын жыр өзіңе.

Қуана бер шаттанып жұлдыз, айым,
Көңіліңде жарығым жоқ боп уайым.
Сен қуансаң қуанам, бақыт табам,
Өзіңменен сүйіктім мен әрдайым...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу