27.12.2021
  949


Автор: Жібек Ысқақова

Құрбым, 8 наурыз құтты болсын!

Қиын сәтте қасымнан табылатын,
Мен жабықсам қасымда, жабығатын.
Қуанғанда қуанып, ортақ болар,
Алыс кетсем жан құрбым сағынатын.

Құтты болсын бүгінгі бұл мерекең,
Гүл көктемнің күнімен келіп жеткен.
Үстем болсын мерейің, абыройың,
Көп боп құрбым күндерің күлімдеткен.

Ақ көңілің жабырқап, мұңаймасын,
Пәк жүзіңде құрбыжан нұр ойнасын.
Әр мезгілдің сезініп қуанышын,
Ұзақ болсын құрбыжан өмір жасың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу