27.12.2021
  659


Автор: Жібек Ысқақова

8 наурыз құтты болсын, құрбым!

Әр көктемде есік ашып келетін,
Қуанышын, бар шаттығын беретін.
Құтты болсын сегізінші наурызың,
Асыл құрбым, жақсылыққа сенетін.

Аман болсын отбасың мен жақының,
Тілеймін мен саған сөздің асылын.
Бақытыңның базары тарқамасын,
Тілекшімін іштей құрбым, жасырын.

Тамыр жайып тереңінен өне бер,
Қызғалтақтай асыл құрбым жайқалып.
Бұл өмірдің бар жақсысын көре бер,
Әрбір күннен бақыт, шаттық байқалып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу