27.12.2021
  414


Автор: Жібек Ысқақова

8 наурыз мерекеңмен, құрбыжан!

Сегізінші наурыз келді мінекей,
Көктемгі күн табиғаты жайқалып.
Сегізінші наурыз келді мінекей,
Мерекенің қуанышы байқалып.

Құтты болсын бұл мереке құрбыжан,
Гүл көктемнің ең алғашқы кеп жеткен.
Көңіліңді шаттық әуен тербесін,
Жандүниеңді нұрландырып, гүлді еткен.

Қуанышың ортаймасын құрбыжан,
Армандарың орындалып аңсаған.
Гүл көктемдей құлпыра бер құрбыжан,
Тәнті болып бір өзіңе барша жан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Ислана
Ислана 23.02.2023 15:19
1 Наурыз на тылек

Пікір жазу