27.12.2021
  1144


Автор: Жібек Ысқақова

Мейрамың құтты болсын әпке!

Бүгін шаттық мереке қуанатын,
Бар жақсыны, тілекті құп алатын.
Құтты болсын мерекең асыл әпкем,
Бар әлемге шаттықпен жар салатын.

Сегізінші наурыз бұл көктем үні,
Жайқалатын, жайнайтын көктем гүлі.
Құтты болсын мейрамың келіп жеткен,
Қуанышпен соғатын жүрек үні.

Отбасыңыз, аман боп жақыныңыз,
Көңліңізде жайма шуақ жаз орналып.
Базарыңыз бітпесін, ажарыңыз,
Әпкетайым басыңызға бақ орналып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу