27.12.2021
  753


Автор: Жібек Ысқақова

8 наурыз мерекеңізбен әпке!

Көктем келді қуантып айналаны,
Гүлдер көктеп, гүл бақтар жайқалады.
Сегізінші наурызың есік ашты,
Сәуле шашып күлімдеп ай қабағы.

Құтты болсын жан әпкем бұл мерекең,
Шаттық сыйлап көңліңе, келіп жеткен.
Бақытына бөлей берсін асыл әпкем,
Бүршік жарған, жайнаған бұл бір көктем.

Жалындаңыз көктеммен бірге әпке,
Тамырыңыз жайылып тереңінен.
Бар жақсысын ап келсін бұл мереке,
Шығып әпкем бұл мейрам көңіліңнен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу