23.12.2021
  604


Автор: Жібек Ысқақова

Арулар, мереке құтты болсын!

Аруларым ардақты гүл жайнаған,
Сіздерменен құлпырар бар айналам.
Құтты болсын сегізінші наурызың,
Әр көктемде ақ тілекпен тойлаған.

Жүздеріңнен кетпесін күлкі дәйім,
Жар боп әркез сендерге бір Құдайым.
Гүлді көктем бөлесін шапағатқа,
Жұлдыздарың жарқырап күн мен айың.

Әр күндерің сәтті боп, жалындасын,
Көңілдерің шаттықты күйге еніп.
Гүл жайнаңдар арулар, гүл жайнаңдар,
Жаратқаным бақытты күнін беріп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу