23.12.2021
  631


Автор: Жібек Ысқақова

Асыл әжем мерекеңізбен!

Асыл әжем мерекең құтты болсын,
Сегізінші наурызың келіп жеткен.
Қуанышын, шаттығын сыйлай берсін,
Жасыл желек жайқалған гүлді көктем.

Жаныңызға мереке нұр сыйласын,
Гүл көктемдей құлпырып, жайнап жаның.
Әрбір күнің жақсысын сыйлай берсін,
Сәттілікте, шуақты атып таңың.

Немерелер қызығына тоймай әже,
Шөберенің қолынан май жалаңыз.
Мерекеңіз ұласып мерекеге,
Көктемдкйін құлпырсын айналаңыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу