👈 қаріп өлшемі 👉

  23.12.2021
  48


Автор: Нұрхалық Абдырақын

АЙ МЕН КҮН КӨЛІ

Ерте ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, мөлдір көлшік бойында бір ерлізайыпты өмір сүрген екен. Ерінің есімі– Дажиенгы, ал әйелінің есімі – Шуейшіжие болыпты. Екеуі де еңбекқор болып, әр күн сайын көлшік суынан балық аулап бақытты да, тамаша тіршілік кешіпті. Бір күні түсте олар балықты қолымен аулау үшін су үшіне түседі, күн сәулесі су астына жарқырап тұрды. Екеуі де бар күшін салып жұмыс істеп жатты, кенеттен бір гүріл естіледі, жер де, су айдыны да бірден тербелді. Олар асыға су бетіне жүзіп шықты. Құдайау, күн көрінбей қалыпты, аспанға бір қалың қара бұлт жауып қойған тәрізді. Ешнәрсе көрінбейді, жер бетін меңіреу қараңғы түнек жапқан. Ерлізайыптылар амал нешік үйіне қайтуына тура келді.


Ал кешірек ай шықты. Дажиенгы мен Шуейшіжие ай сәулесімен балыққа ау тікті. Көп ұзамай тағы да гүріл пайда болды, алайда бұл гүрілді ешкім де байқамады, көл айналасы қатты теңселіп кетті. Көзді ашыпжұмғанша, ай да көрінбей қалды. Енді міне бүкіл әлемді қараңғылық тұмшалады.


Міне сол кезден бастап, аспанда күн де, ай да болмады. Ерлі-зайыптылар ағаш шамын жағып қойып қана үй шаруасымен айналысып жүрді. Бірақ, күн рұры болмай, егістік те өспей, барлық өсімдік бүршік атпады, ағаштар да өспеді, шөптер қурап, гүлдер солып қалды, тіпті кішкентай құстар да ән айтуын тоқтатты. Шуейшіжие күрсіне: «Ертеңгі күніміз енді не болмақ?», –деді. Дажингы болса былайша жауап қайтарды: «Менің білуімше, күн мен ай шыны мен жерге құлап түскен сияқты, біз іздейік, мүмкін үлкен тауда немесе орман ішінен тауып алармыз, әйтпесе, мүлде жарықсыз қаламыз». Шуейшіжие қуана: «Екеуміз бірге барайық!», – деді. Осыдан кейін ерлізайыптылар екеуі ағаш шамын жағып сапар шекті.


Қаншама алып асқар таулардан асып, қаншама түпсіз теңіздерден өтіп, қаншама ит тұмсығы өтпес ну ормандардан өтті. Бір күні олар ақыры бір жарықты байқады, бұлар асығаүсіге алға қарай жүгірді. Жолдан олар бір шалды кездестіріп одан сұрады: «Ата, алдыдағы көрініп тұрған жарық айдың жарығы ма?» . Сонда шал: «иә, онда бір үлкен көрінбейтін көлшік бар. Көлшікте бір еркек бір ұрғашы айдаһар бар, бір күні аспанда өтіп бара жатып, еркек айдақар күнді, ал әйел айдаһар айды жұтып алды. Бұл екі зұлым айдаһар күн мен айды біртіндеп жұтып, кейін доп қылып ойнап жүрді. Ерлізайыптылар: «Ата, сіз уайым жемеңіз, біз ай мен күнді құтқаруға келдік»-деді. Содан соң екеуі көлшік жаққа келіп, бір үлкен тастың артына жасырынып жағдайды әбден бақылауға кірісті.


Дажиенгы: «зұлым айдаһар өте жауыз, біз оған бетпебет кезіге алмаймыз», – деді. Сонда Шуейшіжие жартас астына төмен қаратып, үңгір ішінен сыртқа қарай түтін шығып жатқанын көреді. Ол: «бұл зұлым айдаһар тұратын жер,біз түсіп көрейік!», –деді.


Тау үңгірінің ішінде қараңғы әрі дымқыл екен, адам жүрегі айныйтындай бір сасық иіс шығады. Олар біраз жүрді, бір әженің тамақ жасап жатқанын көріп қалады да: «Апатай, сен бұнда тұрасың ба?», – деп сұрады.


Әлгі әже сонда көз жасын көлдете былайша үн қатты: «Мен мұнда қалай тұрамын? Көп жылдар бойы мен мұнда жұмыс істеймін, зұлым айдаһар құйрығымен орап мені осында алып келді, мені қинап өздеріне тамақ жасатып қойды. Әйтпесе мені жеп қояды емес пе? Сендер екеуің бұл жерден тезірек кетіңдер, зұлым айдаһар байқап қойса, жаман болады!».


Дажиенгы : «біз зұлым айдаһарды өлтіруге келдік. Күн менен айды қайтадан қайтарып алуға сіз бізге көмектесе аласыз ба?», –деп сұрады.


Әлгі әже біраз ойланып айтты: « мен еркек айдаһар мен ұрғашы айдаһардың әңгімелескенін естігенім бар. Еркек айдаһар: «біз Али тауы астындағы алтын балта мен алтын қайшыдан қорқамыз. Алтын балта біздің миымызды бөліп, ал алтын қайшы тамағымызды кесіп тастайды», –деп айтқан болатын. Сендер тез арада сол екі затты тауып әкеліңдер деді де, екеуіне бір үлкен от айыр мен қалқан береді. Дажиенгы мен Шуейшіжие Али тауының етегіне келіп, тоқтамай қазады, қанша уақыт өткенін де байқамай қалады. Бір үлкен дауысты естиді. Таудың астынан бір қызыл сәуле жарқырайды, қараса алтын балта мен алтын қайшыны жатыр екен. Екеуі балта мен қайшыны аласала, асығыс көлшік жаққа келеді. Дажиенгы алтын балтаны айдаһарлардың үңгірі жаққа қатты лақтырып жібереді де екі зұлым айдаһардың арпалысып, жанталасып жатқанын көреді. Су бірнеше метр жоғары көтеріледі, қансыраған айдаһардың басы су бетіне шықты. Сосын Шуейшіжие де бірден алтын қайшыны лақтырды, біраз болмай су беті тынышталды. Су астынан айдаһардың өлі денесін көреді. Зұлым айдаһарлар өледі, бірақ күн менен ай сол күйі су астында қалып қояды.


«Не істеуге болады? Қайтеміз?», – деп екеуінің басы қатты.


Әлгі әже тағы бір ой тастады: «Мен егер адам айдаһардың көзін жесе денесі бірден үлкейіп, алып күштің иесіне айналады деп естіген едім. Сендер барып, айдаһардың көзін алып шайнаңдар да, күн мен айды аспанға қайтадан көтеріп шығарыңдар!», – деді.


Дажиенгы мен Шуейшіжие сол мезетте су ішіне секіріп түсіп кетті. Дажиенгы еркек айдаһардың көзін, ал Шуейшіжие ұрғашы айдаһардың көзін жұтып алады. Айтыпайтпай, екеуі де бірнеше он метр өсіп, үлкейіп кетті. Судың ішінде екі тау сияқты көрініп тұрды. Олар күнді алып аспанға лақтырды. Бірақ күн біраз қалықтап барып, қайта су ішіне құлады. Әлгі әже айқай салды: «Анау тұрған екі ағашты көріп тұрсыңдар ма? Сонымен күнді көтер!». Екеуі он метр ағашты жұлып алды, сонымен көтеріп тұрып, күнді жоғары лақтарады. Тура үш күн лақтырумен болды. Әрең дегенде күнді аспанға жіберді. Сосын олар үлкен ағашпен айды аспанға лақтырды. Бұнысы толық бір күндік уақытты 24 сағатты қамтыды. Міне осымен күнді де айды да аманесен қайтарды. Сол күнінен бастап Дажиенгы мен Шуейшіжие екеуі үлкен екі тауға айналып кетіпті. Олар күн менен айды үнемі қорғайтын болыпты. Адамдар осы тауды Дажиенгы мен Шуейшіжие тауы деп, ал мына көлшікті күн және ай көлшігі деп атаған екен. Әр жылы күзде, адамдар өздерінің ең әдемі киімдерін киіп, осында келіп, түрлітүсті шарды аспанға лақтырады, сосын Дажиенгы мен Шуейшіжие күн мен айды көтергені сияқты, қамыс таяқпен жоғары көтереді. Адамдар бұны «доп арқалау биі» деп атап кеткен.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы