23.12.2021
  128


Автор: Нұрхалық Абдырақын

МАРЖАН ҚЫЗ

Бохай теңізінде табиғаты тартымды бір кішкентай арал бар. Ол аралдың пішіні ұйықтап жатқан қоянға ұқсайды. Жергілікті адамдар оны қоян аралы деп атайды. Сол қоян аралынан маржан өңдіріледі. Осы жердегі жергілікті халық маржан сату арқылы күн көреді екен.


Теңіз жағасында бір шал тұрады, оның немересінің аты Маржан. Күнде таңертең тұрған кезде атасы мен немересі екеуі теңіз жағасына келіп, кішкентай кемеге мініп, теңізге барады. Сол кезде атасы:


«Қайықта қалқып су бетінде келемін,


Ескегім толқы тулатып жағаны ұрады,


Айдаһар үстінде ән шырқап,


Теңіз әулиесінен маржанды көптеп сұраймын»,


– деп ән шырқайды.


Осы қоян аралына келген кезде атасы судан қорғайтын қара киім киіп, теңіз астына түседі. Біраздан соң теңіз астынан көптеген бақалшықтарды алып шығады. Сонымен екеуі әндетіп, үйге қайтады.


Маржан қыз биыл 15 жаста. Ол өте алғыр және сүйкімді қыз. Бірақ ол кеме айдауды, жүзуді және маржанның жақсы-жаманын айыра білмейді. Маржан әлі кішкентай болғандықтан атасы оны теңіз астына түсіріп көрген жоқ.


Атасы мастау кезінде Маржан:


– Ата теңіздің асты қандай? – деп сұрайды.


– Теңіз асты ғажайып әдемі әрі шексіз кең. Онда түрлі түсті балықтар қайшалысып, жүзіп жүреді. Онда көптеген әртүрлі үлкенді-кішілі бақалшықтар бар. Қайсысының ішінде маржан бар екенін анықтау үшін мұқият қарау керек. Егер маржанның ең үлкен анасын тапсаң, онда сенің жолың болғаны, – деп атасы жауап қайырады. Маржан қыз таңырқап:


– Маржанның анасы деген не нәрсе? – деп сұрайды. Атасы бұрылып:


– Ол басқа бақалшықтарға қарағанда үлкен. Оны бір жерге қойып қойсаң, қалған маржандар соның жанына өздері келеді. Әр теңізде бір ғана маржанның анасы болады, оны тек жақсы адамдар ғана табады, – дейді.


Бір күні түнде Маржан теңіз киімін киіп, теңіз астына барды. Айдың жарығында теңіз өте әдемі болды. Қыз теңіз астының кереметініне таңғалды. Жан-жағын жарқыратып жатқан үлкен бақалшықты көреді, сол бақалшықты тез құшақтап ұстап алып, теңіз жағасына қайтты. Теңіз жағасына шыққан соң бақалшық ақырындап ашылады. Сөйтсе, оның ішінде бір кіп-кішкентай адам отыр екен. Кішкентай адам секіріп шығып, өзі сияқты бір балаға айналады. Оның қолында бір үлкен маржан бар екен. Әлгі бала Маржан қызға қарап:


– Мені жібере салшы! Мені жіберсең, маржанды саған беремін, – дейді де, қолындағы маржанын теңіз жағасына тастап жібереді. Маржан қыз: ұялыңқырап:


– Мен сені жіберем және сенің затыңды да алмаймын, – деді. Бала оны тыңдамастан бақалшықтың ішіне кіріп кетеді. Маржан қыз бұрылып қараса, үлкен бақалшықтың маңайына көптеген кіші маржандар жиналып қалған екен. Бұл атам айтқан маржан анасы болар деп ойлайды.


Үйге барған соң болған жағдайдың бәрін атасына баяндап береді. Атасы күліп:


– Саған кездескен бақалшық әулиесі. Сен қыздың, жолың ашық екен. Бұл сыйлықты жақсылап күт! – деп, бір жіп өткізіп, немересінің мойнына маржанын тағып береді. Маржан қыз қатты ойға батып:


– Бақалшық әулиесі маған мынадай қымбат затты берді, енді оны теңіз әулиесі ұрыспайды ма екен? – дейді.


Қыздың атасы дұрыс дұрыс айтқан екен, бұл шындығында да бақалшық әулиесі еді. Үлкен маржанды оған теңіз әулиесі сыйға берген екен. Оны қызық көрген бақалшық әулиесі сыртқа алып шығып ойнайды. Сол кезде ол Маржан қызға кезігеді. Сарайға қайтқан бақалшық әулиесі Маржан қызға ішінен рақмет айтады. Алайда, теңіз әулиесі үлкен маржанның жоғалғанын білген соң оны тауып кел деп бұйырады. Ал бақалшық әулиесі: «Айтылған сөз – атылған оқ! Мен оны қалайша қайтып алып келем?» – дейді. Теңіз әулиесі оған қатты ренжіп, бақалшық әулиесін қамап тастайды. Бақалшық әулиесінің жұмысы теңіз ішінде тұз жасау болатын. Бұл тұздар жер бетіндегі халықтарға арналған еді. Бақалшық әулиесі қамалғаннан кейін, онымен бірге тұз жасайтын бес тасбақа ешкімді тыңдамай, күні бойы ұйықтап жатты. Халыққа қажет тұз жоқ болды, адамдар арасында ауру тарап, адамдар өле бастады. Маржан қыз бен оның атасы бұл мәселені естіп, бұған не себеп болғанын білгісі кеп, теңіз әулиесіне бел буады. Олар кемені қоян аралына айдап келіп, атасы теңіз астына кетеді. Атасы сол кеткеннен қайтып келмейді. Маржан қыз кеме үстінде үш күн, үш түн күтеді. Ол атасы қайтыс болып кетті деп ойлап, қатты жылайды. Оның жасы кеудесінің алдында тұрған маржанға тамады. Қыз кенеттен бір дыбысты естиді: «Кішкентай қыз, жылама! Атаң жоқ болса, сен атаңды ізде», – дейді. Маржан қыз жан-жағына қараса, ешкім жоқ. «Бұл – мен! Маржан анасы! Кеудеңнің алдында тұрмын», – деп тіл қатады, – «Алаңдама! Мен саған сарайға баратын жолды тауып берем. Маржан өзінің судан қорғайтын киімін киіп, теңіз астына түседі. Маржан анасының айтқаны бойынша, ол қоян аралының оңтүстік жағындағы бір құдықты тауып, соған кіреді. Біраз жүрген соң қыз «Елге берген затты қалай алып келемін?» деген бір дауысты естиді. Маржан қыз алдындағы биік үйдің терезесінен қараса, бақалшық әулиесін көреді. Маржан қыз оған:


– Сен неге мұнда отырсың? Кім сені қамап қойған? – деп сұрайды. Бақалшық әулиесі бүкіл болған оқиғаны қызға айтып береді. Маржан қыз сонда:


– Мен дереу маржанды қайтарып беріп, сені осы жерден шығарып аламын, – дейді. Сарайға келген Маржан қыз теңіз әулиесіне барлығын түсіндіріп болып:


– Мен маржанды сізге қайтарып берем, сіз бақалшық әулиесін жіберіңізші, – дейді. Теңіз әулиесі:


– Сен батыл және жақсы қыз екенсің. Мен сенің талабыңды орындайын. Бірақ сен бақалшық әулиесі шыққан соң бізде қалып жұмыс істе, – дейді. Маржан қыз сарайда қалып, бақалшық әулиесімен бірге тұз жасайтын бес тасбақаны басқарады. Жер бетіндегі халықтар бақытты ғұмыр кешеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу