23.12.2021
  94


Автор: Нұрхалық Абдырақын

ФУ СИДІҢ ТОР ЖАСАП, БАЛЫҚ АУЛАУЫ

Фу Си – ежелгі замандағы үлкен әулие. Ол туылған кезде ғажайып уақиға болды. Аңыз бойынша, оның анасы Хуа Сиу Шi Қытайдың солтүстік-батысында өмір сүрген. Бір күні Хуа Сиу Шi табиғатқа шығып, қыдырып жүргенде бір үлкен аяқтың ізін көреді. Ол із найзағай құдайының ізі еді. Хуа Сиу Ші өз аяғын сол іздің үстіне қойып, салыстырады. Сол кезде денесі бір түрлі дір ете түседі. Сөйтсе, ол жүкті болып, бір ұл туады. Оның атын Фу Си деп қояды. Кейіннен жұрт Фу Сиді найзағай құдайының ұлы деп атап кетеді. Оның басы адамдікі, ал денесі айдаһардікіндей болады. Жел соққан сайын ол өсіп, өте биік және үлкен болады.


Сол кезде халықтың тұрмыс-жағдайы нашар, тұрақты мекені жоқ, егін егуді білмей, тек аң аулаумен ғана өмір сүретін. Сондықтан да бірде тамақ бар, бірде жоқ болатын. Өзен көп болғанымен, халық тор жасауды білмейтін. Адамдар өзен жағасында тұрып, балық жүзіп бара жатқанда ағашпен ұратын болған. Бірақ бұлай балық аулау өте қиын болатын.


Халықтың осындай жағдайын көріп, Фу Си қатты қиналады. Ол халықтың көп балық аулауын аңсайды. Бір күні ол ағаштың астында жатып, ойға батып кетеді. Кенеттен ол бір затты байқайды. Сол заттың не екенін көріп қараса, екі ағаштың ортасындағы өрмекшінің торын көреді. Біраздан кейін сол торға бір шыбын ұшып келіп қонады. Тордан босанайын десе, босана алмай қалады. Содан соң дзиа құрты келіп, ол да торға жабысып қалады. Осылай бұрышта тығылып тұрған өрмекші келіп, оларды асықпай жеп қояды. Осының бәріне мұқият қарап тұрған Фу Сиге ой келеді. Ол қуанғанынан «Мен амал таптым», – деп айқай салады.


Фу Си тауға барып, көптеген ағаштың бұтақтарын алып келіп, өрмекшінің торындай бір-бірінен өткізіп жасайды. Содан соң ол бір ұзын ағашты сол тордың үстіне байлап, өзен жағасына барып, торды өзеннің ішіне салып қояды. Біраз уақыт өткен соң торды көтеріп қараса ішінде көптеген балықтар жүреді. Бұл адамдардың ертеде пайдаланған балық аулайтын торы болады. Фу Си бұл әдісті халыққа айтып, халық тормен балық аулауды үйренеді. Бірақтан Фу Си адамдардың шикі балықты жегендіктен олардың іші өтіп, ауыратындарын көріп, әкесіне барып, аспан отын алып келеді де, халыққа тамақты пісіріп жеуді үйретеді. «Осылай жесеңдер, іштерің өтпейді әрі ол таза және витамины көп болып, денсаулықтарыңды жақсартады»,–деп ақыл айтады. Осы тор жасау арқылы Фу Си тағы құс аулайтын құралды ойлап табады. Одан басқа Фу Си халыққа үй жануарын бағуды және тұрақты жерде тұруды үйретеді. Ол тағы чиен, кун, джен, кән, ли,сі, сиоң, гэң дегенсегіз белгіні табады. Олар – аспан мен жер бетіндегі істердің белгісі. Фу Си оларды «ба гуа» деп атайды. Бұл ежелгі заманның ең бірінші мәдениеттің қалыптасуына зор септігін тигізді. Содан соң Фу Си көктем құдайы және білім мен еңбектіктің белгісі ретінде бағаланып, Аспан патшасы болып, Дзүй Маңмен бірге Шығыстың жерін басқарады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу