Аңыздар ✍️

  23.12.2021
  97


Автор: Нұрхалық Абдырақын

ЛИАҢ ШИАН БО МЕН ЖУ ИЫҢ ТАЙ

Бұл аңызда жас қыз бен жігіттің өз махаббаттарын қорғап, феодалдық қоғам тәртіптеріне бас имей күрескен ерліктеріне оқиға желісі құрылған және олардың трагедиямен аяқталатын махаббаты туралы сөз болады. Таң патшалығының алғашқы заманында жұрт арасына кеңінен тараған бұл аңыз, кейіннен көп кітаптарға арқау болған аңыз екені баршаға аян. Аңыз бастан аяқ әйелдер теңдігі мәселесі, жастардың махаббат еркіндігі жайлы сөз етіледі.


– Әке, жаман болды, әпкем ауырып қалды, – дейді. Әкесі сасқалақтап, не істерін білмей қалады. Осы кезде көше өтіп бара 


Жалп ы желісі былай өрбиді: Шығыс Джинь династиясы кезінде Джыжияңда атақты бір бай өмір сүрді. Бұл отбасында Жу Иң Тай атты қыз бар еді, ол кішкентайынан өте зерек және сұлу еді, қыз оқуға ынтызар болып, Хаң Жуға барып, ұстаздан білім алсам дейді, бірақ ата-анасы қыз балаға оқудың, жұрттың көзіне түсудің қажеті жоқ деп оның талабына су құяды. Оқығысы келген Жу Иң Тай өтірік ауырады да, үйіндегі көмекші қызы Иньсинмен жоспар құрады.


Бұл күні әкесі кітапханада кітап оқып отырған, Иньсин жүгіріп келіп:


жатқан балшының даусы естіледі. Иньсин дереу:


– Әке, біз балшы мырзаны шақырып, бал аштыртайық, дейді. Әкесі басқа амал болмағандықтан келіседі. Балшы мырза келіп:


– Мына қыздың ауруы жақсылық пен жамандық шақырып тұр ғой. Үйде жатса, ауруы асқынуы әбден мүмкін. Хаң Жуға барса, үлкен табыспен үйіне оралады, – дейді.



Әкесі қатты ойланып қалады, бірақ балшы мен Иньсинның күлгенін естіп қалады да, жаңағы балшы мырзаның ер адам киімін шешкенін көргенде, қызының өзі екендігін көреді. Қыздың әкесі ойлана келе қызын оқуға жіберуге келіседі. Бірақ ол қызына: «әулетіңді ұятқа қалдырма, өз арыңды таза сақта, үш жыл оқып болған соң дереу үйіне қайт» деп үш түрлі шарт қояды


Ерлерше киініп алған Жу Иң Тай мен Иньсин жолға шығады, өздерін құстай еркін сезінеді, екі қыздың қуанышында шек жоқ. Екі қыз жолда кетіп бара жатып самалдықта демалып отырған екі жігітке көзі түседі. Біреуі жас жігіт, өте мәдениетті, сымбатты еді, оның есімі – Ляншанбо, артынан ерген досы Цыжу еді.


Олар сәлемдесіп алғаннан кейін самалдықта әнгімелесіп біраз отырады. Иньсин Ляншанбоның Хаң Жуға оқуға баратынын естіп, қуанғанынан:


– Өте жақсы, қыздар, біз де..., – деп тоқтап қалады. Цыжу түсінбей:


– Сендер? Қыздар? – деп таңғалады. Иньсин дереу сөзін түзеп:


– Менің айтайын дегенім, біз қыздармен бірге оқысақ, қандай жақсы болар еді, – дейді. Жу Иң Тай Ляншанбоға тағы түсіндіре бастайды:


– Менің отбасымда қарындастарым бар, олар өте ақылды да зерек, менімен бірге оқуға барғысы келген, бірақ әкем қыз балаға оқудың қажеті жоқ деп жібермеді, – дейді. Ляншанбо:


– Ер азаматтың оқығаны жақсы, бірақ қыз баланың да оқып, көзі ашылғаны жақсы ғой, – дейді.


Жу Иң Тай мұндай жауап естимін деп ойламаған еді. Қыз жігітті іштей қатты ұната бастады. Қыздың ойын түсінгендей жігіт те:


– Біздің кездесуіміз кездейсоқтық емес. Ағалы-інілі болайық , – дейді.


Он жеті жасар Ляншанбо мен он алты жасар Жу Иң Тай ағалы-інілі болып Хаң Жуға жетеді.


Көзді ашып-жұмғанша үш жыл да өтіп кетеді. Жу Иң Тайдің салмақты, адамгершілігі өте жоғары Ляншабоға ғашықтығы одан сайын күшейіп, Ляншанбоны құлай сүйген еді. Ал Ляншанбо Жу Иң Тайды ешқашан қыз бала деп ойламаған.


Бір күні Жу Иң Тай әке-шешесінен тағы хат алады, бұл үйге қайт деп жазған төртінші хат болатын. Оның жүрегі ауырады. Әрі ойланып, бері ойланып, Ляншанбоның мұғаліміне баруға бел буады.


Кешке Жу Иң Тай мұғалімімен қоштасуға келеді:


– Әкем ауырып қалды, ертең таңертең үйге қайтамын, – дейді. Қожайын:


– Жолда абай бол! (оқушысының бірнәрсе айта алмай тұрғанын сезгендей) Тағы бірнәрсе айтқың келіп тұр ма? – деп сұрайды. Қыз сонда:


– Менің Ляншанбомен ағалы-інілі болғаныма үш жыл болды, – деп әрі қарай көзіне жас толып, сөзін жалғастыра алмай қалады. Қожайын барлығын баяғыдан-ақ білетінін айтып күледі де қызға қарап:


– Сендер қос аққудай сияқтысыңдар. Бірге болатындарына сенем, – дейді. Сонда қыз мұңайып:


– Мен кетіп бара жатырым ғой. Ляншанбоны көре алмай қалатын сияқтымын... Оны енді қашан көре алады екенмін... Оны еш қимаймын», – деп жылайды.


...Салқын самал желдің соққаны, ағаштардың тербелісі, құстардың ән салғаны, көктемгі судың аққаны. Екі жас табиғатқа тамсанып кетеді... Жу Иң Тай жігітке бар шындықты айтқысы келеді... Су қоймада үйректердің жүзгенін көріп, Жу Иң Тай:


– Қарашы, судағы құстардың барлығы жұп-жұп боп жүзіп жатыр, – дейді. Ляншанбо:


– Сенің қыз болмағаның өкінішті, – дейді ойланып. Қыз екеуінің судағы бейнелеріне қарап:


– Жігіт пен қыз, -дейді. Ляншанбо біраз қынжылып:


– Мен – ұлмын, – дейді.


Алдарынан бір пұтхана көрінеді. Жу Иң Тай:


– Пұтханаға кіріп, бір отбасы болайық, – дейді. Бірақ Ляншанбо қыздың не айтқысы келгенін түсінбей қалады. Сонда Жу Иң Тай;


– Үйімде сыңарым бар, екеуіміз – егізбіз. Тойдың қамын кіріс те, келіншегіңді алып қайт, – дейді де, Ляншанбомен қоштасып, үйіне қайтады.


Жу Иң Тай үйіне келе салысымен Ляншанбоны сағынады.


Бір күні әкесі ұшып тұрып, қызының бөлмесіне кіреді де:


– Қызым, саған өмірлік серік таңдап қойдым, – дейді. Жу Иң Тай.


– Ол кім? – деп сұрайды.


– Матайшудың баласы МаУн Цай, – дейді әкесі. Жу Иң Тай орнынан қозғалмай қалады да, әкесіне бар шындығын айтып береді. Мұны естіген әкесі ашуланып:


– Неге бірнеше рет үйге қайт дегенде қайтпаған себебің біреумен арақатынасың болған екен ғой! Үйлену туралы мәселені әке-шеше шешеді! Қыз өзі жар таңдағанды қайдан көрдің?! Әке-шешең сен үшін бұл мәселені шешіп қойған! Қалай болған күнде де мұны өзгерте алмайсың! – деп кесіп айтады.


Дәл осы кезде Ляншанбода өзінің мұғалімінен Жу Иң Тайдың қыз екенін естіп, оның үйіне асығыс келе жатқан еді. Ол тек Жу Иң Тайды көрсем деп шөлдеп келді. Жу Иң Тайдың үйіне жетіп, сарғая сағынған сүйіктісін көрген кезде бет-әлпетінен бір жағдайдың болғанын сезіп:


– Неге көңіл-күйің жоқ? – деп сұрайды. Қыз сүйіктісіне қарап:


– Саған кел демеуім керек еді. Әкем мені атастырып қойыпты, – дейді. Бұл сөзді естігенде Ляншанбо оның бетіне біреу суық су шашып жібергендей тыжырынады. Жу Иң Тай жылап:


– Әкем менің айтқандарыма еш көнбеді. Матайшудың ақшасы бар, шені бар, қарға-қарғаның көзін шұқымайды ғой, олар бай-байға, сай-сайға деп жатыр, – дейді.


Ляншанбоның жүрегі ауырғанынан қан құсты. Жу Иң Тай мұны көріп, көз жасын көлдетті. Ляншанбо дірілдеп:


– Мен кеттім... Мен бұл жерде өле алмаймын, – деп шығып кетеді.


Жел мен жаңбыр басылған соң күн шығып, гүлдер ашылып, бір жұп көбелек ұшып келеді. Олар ұшып-қонып, бір-бірінен 


Үш күннен кейін Матай келіп, қызды алып кететін күні таңертең Цы Жу Жу Иң Тайға келіп, Ляншанбоның қайтыс болғанын естіртеді. Жу Иң Тай есінен танады, есін жиған соң оның өлер алдындағы келбетінің қандай болғанын, мәйітінің қайда екенін сұрайды. Әкесіне қазалы екенін білдіретін ақ түсті қөйлек киетінін және сүйіктісінің моласына барып өтетінін айтады. Әкесі әрине көнбейді, қыз онда күйеуге шықпайым деп байбалам салады, амалсыз әкесі келіседі. Жігіт моласының қасынан өтіп келе жатқан ұзатылған қыз көлікті тоқтатып, моланың жанына келіп, егіліп жылайды. Осы кезде қатты жаңбыр жауып, күшті дауыл тұрады, барлығы жан-жаққа қаша жөнеледі. Сол сәтте гүрс еткен дыбыс естіледі. Ляншанбоның моласы ашылып, Жу Иң Тай сүйіктісінің артынан табытқа кіреді.


ажырамайды. Екі жас тірі кезінде де, өлі кезінде де бір-бірінен ешқашан ажырамайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу