22.12.2021
  206


Автор: Нұрхалық Абдырақын

СОЛ БЕЙНЕ

Жу Зычиң


(Сәнун)


Мен әкемді көрмегелі екі жылдың жүзі болды, әсіресе есімнен бір кетпейтіні, әкемнің сол бір бейнесі. Сол жылы қыста апам қайтыс болды, әкем қатты жабырқап, арқасы қайысып, бір-ақ күнде жетім шал болып қалды. Мен Бейжіңнен Шүйжудағы әкемнің жанына келдім, ондағы сол оңбаған ауыруханада әкем екуміз көз жасымызбен бет жудық, артынша әкем мені жұбатып: балам қатты қайғырып өзіңді жегідей жей берме, өткен іс өтті, енді тірі адам тірлігін жасайды деп, мені сабырға шақырды. Біздер болашаққа үмітпен қарайық деді.Үйге қайтып оралған біздер шешемнің артқы жұмысын бітірдік, әкем байқұс қалтасын қағып, тыраштанды, жетпегенін қарызға алып зорға жөн-жосықты салт бойынша ада қылды. Бұл күндер біздер үшін өте ауыр, қасірет күндері болды. Сол күндерден кейін әкем Нәнжиңге тіршілік қамы үшін сапар шегетін болды да мен Бейжіңге оқуыма қайтатын болдым, солай әкем екеуміз үйден бірге шықтық. Нәнжиңге келгесін ондағы бір досым мені күтіп алып, қаланы аралатып көңілімді көтеріп қайғыма ортақтасып бір күн сонда аялдадық. Мен солай ертесі түстен кейін Бейжіңге жолға шығатын болдым, әкемнің өз шаруасы өзінде қарбалас болғандықтан мені шығарып сала алмайтынын айтып менімен қоштасты, алайда ойда жоқта әкем сол күнді кеште қайтып менің қасыма оралды, екеуміз бірлікте бір кафеде шүйркелесіп отырып тамақ іштік, ол «өзіңе көңіл бөл» деген сөзді маған қайта-қайта айта берді. Алайда оның көңілі орнында емес, ойында бірдеңе бүгулі жатқаны байқалады, құдды бәкісін жоғалтқан шалдай жоғын іздеп жан-жағына жалтақтап отырды, тіпті астынан су шыққандай орнынан атып тұрып қайта отырады. Әкеме мен, әкетайым-ау, мен биыл жирма жасқа келдім, жас бала емеспін, жалғыз өзім оқуыма осымен үш рет барып келдім емес пе? сіз еш алаңдамаңыз дедім. Әкем сәл үндемей отырды да жоқ, ертең өзім шығарып салайын деп қысқа қайырды. Әкем одан ары менің жұмысыңызға бара беріңіз, шығармайяқ қойыңыз дегенімді мүлде тыңдайтын емес. Солай біздер ертесі жолға жиналып, қайыққа мініп вогзалға жетіп билет сатып алдық, енді от арбаға мінуге жүрдік. Әкем кәрі жанын қинап менің жүктерімді көтеріп алыпты, жүктерім өте ауыр еді, мен әкемді зорға көндіріп аз ақшаға көп жүкті көтеретін жалданбалы жігіттерге жүгімді бердім, ол жігіт қанша ақша беретінімді сұрап жанымызда тапырақтап зорға келеді, мен паңдана барғасын береміз деп дүңк ете түстім, олда бір қасарысқан қу табан екен, бірден тоқтай қалып ақшасын айтпасаң апармаймын деп, табандап тұра қалды. Амалсыз олармен келісіп жүгімді маған бұйрған есік түбіндегі орындыққа жайғастырдым. Мен үстімдегі сүр түсті палтомды шешшіп орындыққа жаба қойдымда әкеммен қоштастым, әке балам кеште жаурап қалма, өзіңе абай бол деп кешегі сөзін тағы қайталады. Мен іштей күлкім келді, есіме бірден оның қайта-қайта кешеден бері «өзіңе абай бол» деп отырғаны, маған ақша бергесін болар деп ойлап әкеме, әке, мен қазір бала емеспін, өз қолым да өз аузыма жетіп, оң солымды танып қалыдым, сіз неге бір сөзді қайта- қайта айта бересіз деп әкеме төтесінен тік сөйледім. Енді ойласам мен сол кезде артық кетіптім. Ал әкем болса от арба терезесінің сыртынан маған қарап тұр, менің әке сен маған алаңдамай кетеберіңіз дегенімді тыңдады, ол маған «мен саған мандариын сатып алып берем» деп жүгіріп кетті, мен көз алмай әкеме қарап тұрмын, оның басындағы қара малақай, үстінде сұрғылыт түсті мақталы мешпеті, ұзын қара барқыт шүбірек шапанның етегі желілдеп анда барды- мұнда барды дүңгіршектердің алдының барлығы қатар-қатар кезекке толған қалың адам, ол енді жан таппай мен үшін релістің арғы бетіндегі дүкендерге баруға бекінді, әкем денесі ауыр семізше адам еді, ебедейсіз денесін зорға қозғап барынша қатты секірді, зорға дегенде арғы жағаға өтіп мандарын адып маған қарап балаша қуанып шауып келеді, кенеттен сүрініп құлап түсті, байқұс әке құлап жатып екі көзі менде, бұл көрініс менің есімде мәңгіге қалды. Мен асығыс түсіп секіріп өтіп әкемді орынан сүйеп тұрғыздым, әкем болса жығылып жатып шашылған мандариынды жинап, қолына ілінгенін менің қалтама тығындап жатыр, орнынан әрең қозғалып зорға тұрды, үсті басы малмандай болып балшыққа шыланыпты, ол сондай бір қуанышта, мандариындарын маған жинап бергеніне мәз. Сосын ғана ол жақсы сау бол, жетіп алған соң маған хат жазуды ұымытпа, болды, тез ішке кір, сыртта адамдар қалмапты деп олда жүріп кетті, жүре артына қайта- қайта  жалтақтап қарайды, менде әкемді бір түрлі қимастықпен көзбен ұзатып отырмын, ол қара нөпір адамдардың арасына сіңіп жоқ болды. Мен орныма жайғасын отырсамда көңілім босап, көзімнен жас парлады....


 Айлар аунап жылдар жылыстап жатты, соңғы жылдарда әкем екеуміз шығыстан батысқа тынбай жанбағыс қамымен  сыртта тірлік кештік, әкем қатты қартайды, қалжырады, шаршап, титықтады, болмайтын нәрсеге ашуланатын да болып алды...өзін өзі көп қинады,  отбасылық ұсақ-түйек істер оның ашуын жиі қозғады. Ол маған басқаша қарады. Бірақ соңғы екі жылда мен оны көрмедім, ақыры ұлы мен немересін сағынып солтүстікке келгеннен кейін ол маған хат жазып: «Денсаулығым жақсы, бірақ иғым көтертпейді тіпті, жазу жазуғада қолым келмей ауырады. Бірақ қазір өлмеспін» Мен оқып осы жерге келгенде, көз жасына ерік бердім, көз алдымда әкемнің семізше денесі, үстіндегі сұрғылыт түсті мақталы мешпеті, ұзын қара барқыт шүбірек шапаны түсті! Мен енді оны қашан көретінімді білмеймін!


                                                1925 жыл қазан айы, Бейжің




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу