22.12.2021
  263


Автор: Нұрхалық Абдырақын

Қағаз ақшаның құдіреті

Ю Дапу


Қып қызыл күн шапағы шалқая шығыстан көтеріліп теңіз бетін алтын жалатқандай жалтылдатып көз ұялтады. Сондада теңіз бетін сұрғылт тұман тұмшалауын қоймайды. Теңіздің бурқанған лебі көкке шарпиды. Ол лезде көкпеңбек аспанға сіңіп жоқ болады. Аспандағы селдір бұлттар көк жүзінде қалықтап, кейде бір жерге ұйлығысып, аппақ  мақталы алқапқа енесе,  енді бірде алқызыл түске еніп ұйяла қарайды, бейне жүрегі алып ұшып үйленгелі тұрған қалыңдыққа ұқсайды. Аяз ашуына міне теңіз бетіндегі тұманды  қуалайды, осылай шетсіз де шексіз су беті  көз бұлдыратады. Алыстан екі  үш балық аулайтын қайық қараңдайды. Күн сәулесі осы қайықтарға түсіп, балықшылардың жүзіне нұр ойнайды. Қызыл көзді шал шоқ сәулесін суға да төкті,  cу бетіндегі балықшылар қауымы осы аспан нұрының арқасында аман-сау. Кешкі шапақта батты. Шам қояр шақта балықшы  шешесімен бірге арақ ішті. Бірақ ол арақты ішерін ішкенмен, жаны жабырқады. Осылай  пыс- пыс етіп қалың мақталы көрпенің ішінде тәтті ұйқыға оңай сүңгіді. Оның өне бойынан ышқына  бір дыбыс күркік- күркік етті де жастығының жанында тұратын түкірік ыдысына қан аралас сұп-сұр жалбыз қақырды. Ақырын қолын көрпеден шығара быр жақ қырына аунап түсті. Таң ата жайсыз жасталған жастығынан белі ауырып орнынан ерте тұрып, сүйретіле қылтимадан қылтия тысқа көз жүгіртті. Көп жылдардан көрмеген құлаққа ұрған танадай қыстың алғашқы айларындағы таңғы тыныштықты көріп таң қалды. Ерксізден өзімен –өзі бірдемелерін былдырлап кетті. Екі бетін таңғы самал өбіп ұйқысы шайдай ашылды. Жүзіне күлкі үйіріліп жанын осқылаған жабырқаңқы күйден әзірге құтылды. Оның аузынан « Қытай жеріне көз алартқан қос ұры, еш негізсіз өз үйім деп жар салған ұйятсыз арсыздар» деп кілт тоқтап тілін жұтты. Түшкіріне мұрнынан міңгірлеп иығындағы боқшасын сипалап темекі қағазын алып оны ширата тұтатып құшырлана сорды. Енді ол  төсегіне сүйеніп тұрып қос жанары бірдеңеге қадалды да қалды, мұқыркасын одан сайын құшырлана  тартты, артынша аузынан ақ жалқық түкірді, бұл оның аузынан шыққан қайғы-мұңның ақ жалыны еді. Егер сен бұл не мұң деп сұрай қалсаң ол саған нақтылы жауап бере алмайды. Себебі оның мұңы өте көп. Ол өзі ес біле бастаған жима жеті жирма сегіз жылдан бері оның миында жиналған  жанын жегідей жейтін жайіттар жеткілікті.  Бұл естемелерін қайталай ойласа ашудан жарылып, қаны қайнап, қан қысымы қалыпсыз жағыдайда болары шындық. Бұлар оның денесіне аздан көбейіп бейне бір шар тәрізді түйінше кке айналған, бүгінде оған іш өткізетін тауық майынан жасалған ең мықты дәріні ішкізсеңде іші түкте былқ етпесі анық, оны ішндегі түйіншек, әлде қашан жібімейтін қара тасқа айналған. Өткен істердің барлығы оған ішкі жан азабын силады, оның ішіне вирос болып еніп, қатты химиялық рексияларға түсті, олылай  өзінше  ел білмес тұнбаға айналған. Ал оның сыртынан қарасаң ештеңе білдірмейді мұздың беті сияқтты еш толқынсыз, жансыз да өлез су мұз астында сылдырап ағады жатады. Алдайда ішінде қандай иттің өліп жатқанын өзі ғана біледі, басқа жан сезбейді. Біреу міреу бірдеңе сұрай қалса ештеңе білмегендей тіс жарып тысққа ештеңе шығармайды. Тек ішіне шерменде қылып қатырғанды жақсы көреді. Өз ортасына көңілі толы жайбарақат жандай жалған жадырайды, онысы мүлде өтірік екеніне күлкісі келеді. Алайда жан азабын айқайлап айтып тұрған оның оң қолының балан үйрегі мен ортан терегі сап сары болып таттанып кеткен.Тағыда оның оң қолы темекі жасай бастады, барлық темекі сол баяғы екі саусаққа быраз тоқтайды. Енді міне ашудан жарыла жаздап темекісінің түтінін будақтатты , осы кездегі тыныштықты оны іздеп жүрген шешесі бұзды, ол баласының жатын бөлмесінде азан-қазан айқайлап жатты. Пияо сен қан түкіріпсің-ғой, өңің де бұзылып кетіпті, деп шеше байқұс алғаш рет бірдеменің шетін сезді. Ананың жанарынан жанашырлықтың мейірімі аңқып тұр. Баласы тағыда түшкіріп кетті, шеше одан сайын жанып шүпірекке түйді, көзінен жас парлап жүр. Баласы,  анашым Иқы алаңдамаңыз мен қазір ғана темекі шегіп едім сонікі-ғой, әсілі шекпеуім керек еді сол қу темекіні деп түсіндіріп әлек шешесіне. Кеше кеште поезда келе жатып бір қап сатып алып едім еді оны көргесін көзім қызарып қимай қайта шегіп алдым, сол пәлені деп өзін кіналап қояды, ендігі ары шекпеспін сол құрғырды.


Шешесі балсының түнімен қақырған түкірік ыдысын қолына алып терезе алдындаға жарыққа апарып күміс самай шашын жалбыратып үңіле қарайды. Артынша баласына бұрылап әжім басқан маңдайын одан сайын жира, алпыс екі тамыры елжіреп  ұлына:


 -Пияо мынауың дұрыс емес-қой дереу доқтырға барып көрін, Дүң Зыгуандағы Шүй Жоуюан осындай аурыруларды емдеуде алдына жан салмайды деседі жұрт, соған тез бар балам, ол дәрігер дертіңді жақсы дауалайды бол, қайығыңа мінде заула деп байбалам салды.


-Шеше сіз айтқан доқтыр мықтысы мықты, бырақ менің қытайша ем қабылдағым келмейді. Менің бұл ауыруым ану айтқандай салмақтты емес, оның үстіне Қытайша ем қабылдасам ондай дәрілер жабысққақ келеді маған жақпайды.


- Не деп былдырлан тұрсың балам-ау дереу жолға шық, бұл жерден көп алыс емес-қой бар-жоғы отыз қырық шақырым емеспе?  Ана добалдай баласын әліде әлсіз сәбидей аияп кетті.


 -Шеше сабырлық сақтаңыз менің бұл ауыруым түкте қылмайды, мен Хаң жоу, Шаң хай жаққа барғанымда сол жақтағы шетелдік емханаларда емделем, оған дейін ештеңе етпейді.


-Жоқ балам олай істеуге болмайды, бүгін сен дереу Шүй Жоуюанға барып қайт деп безектеген ана үстіндегі мешпетінің көп қалталарын ақттара жүріп зорға дегенде шүпірік түйіншекке оралған бірдемені алып шықты, қолы қалтырай сөзіде дірілге ұласып ішіндегі екі бес юан қағаз ақшаны алып шығып,  жарты қадам алға жылжып баласына құшақттай алды да:


 -балам сеніде түсінем жол қаражатыңда таусылған шығар, сен мынаны әзірше ала тұр, бұл ақшада Шүй дәрігерге бір рет көрнуіңе жетіп қалар, дәрілерін кешке қарай ол кісінің қоналқы жайына барып ретсептері бойынша өзіміз шөптерін теріп қайнатып алармыз балам.


-Анашым-ау бұныңыз не деп сол қолымен шешесінің қолындағы ақшаны қыса, ашық тұрған алақанын жұмдырды, шешесіне аса бір қимастық сезіммен қараған ұлы дәрігерге көрінетін ақшам бар, жолыма да жетерлік тиін-тебенім бар, сіз мектептен алатын аз ақшаңызды маған бермеңіз, өз ішіп-жеміңізге жұмсаңыз деп кері қайтарды.


-Ой балам-ау әуелі ауыруды аластауымыз керек емеспе? сосын артылып жатса өзіме берерсің қазірге алып ал. Баласы ақырын-ақырн анасының қолындағы қағаз ақшаны тартты, шешесі де оны барған сайын босата берді.Зейнет ақысына тиген екі бес юан ананың алақанынан баласының қолына секіріп өтті. Анасы күлерін не жыларын білмей баласына былай деп тез тіл қатты:


 - Сен бүгін бар дәрігерге.


Баласы Ун Пияу анасына айяқ дыбысын естірте үнсіз алыстап бара жатты.Кішкентей бөлмелерден шыққан ол енді астыңғы қабатқа қарай тепкішектерді санап құлдап барады. Күн сәулесі терезе жақтауынан  сығалай, Ун Пияудың төсегінің басына ілініп қалыпты.Осындай жаны жаралылыр біреу-ғана ма? әлде сырты бүтін іші түтін болып жүрген қаншама жандар бар арамызда. Жан жағымдағы көршілерімнің өзінде шешелерінен ұрс естіп, өз денсаулықтары ұшын ақаша аяған сараңдық кейпінде жүрген қаншама жандар жүр-ау деші деп күрсінді,  Ун Пияу.  Не ішкенге не жегенге жарымай отырған бұл заманда мынадай тышқан мұрнын қанатпай қан құсып жүрген жалғыз мен емеспін-ғой деп одан сайын мұңға батты, амал нешік барлығының анасы менің шешем сияқтты алақандарынан ақша секіртсе онда деп, ол одан сайын ой құдығына сүңгіді, көз алдына шоршып секіріп жатқан көп ақшаны көрді. Мұңданған күн нұры олардың да төсегінің бастарында қадалып тұрған шығар, бырақ ақша өз әлінше жол нұсқайды екен-ау деп тағы толқыды. Қағаз ақшаның құдіреті қаншалаған көз жастарді төгіп, қаншалаған тағдырлардың өзгерісіне себеп болды десеңізші.


Жазушы Үй да фу(郁达夫Yu Dafu1896-1945) 


 


郁达夫 – Қытайдың қазіргі заман әдебиетіндегі ірі тұлға, әйгілі прозашы, шалқыма майталманы. Ол дарыны тасыған, шабыты шалқыған ақындық ажары бар, ''4 мамыр'' жаңа әдебиетінің серкесі, Қытайдың ''4 мамыр'' науқаны кезіндегі атақты әдеби қоғамы - ''Шығармашылық қоғамның'' басты құрылтайшыларының бірі болған. Ол өз өмірінде оқығанның таңдайын қақтырарлық қыруар атақты туындыларды, оның ішінде әңгіме, шалқыма, өлең сөздер мұрасын қалдырып, Қытай жаңа әдебиетінің өсіп-өркендеуі үшін сүбелі үлес қосып кетті. 


郁达夫 Қытайдың Жы Жияң өлкесінің ФуЯң ауданындағы бір зиялы отбасында дүниеге келген. Оның үш жасында әкесі қайтыс болды, өзі зерек әрі үйренгіш болғандықтан, көк шыбықтай жас өспірім кезінде-ақ Қытай классикалық әдебиеті жөнінде мығым негіз қалаған. 郁达夫-дың проза «沉沦» атты әңгімелер жинағы және «茫茫夜,迷羊,她是一个弱女子,血泪,春风沉醉的晚上,薄奠,微雪的早餐,采石矶,过去,迟桂花,出奔» 50ден астам әңгімелері бар. Бұдан тыс, оның шалқымалары, ескі үлгідегі өлеңдері, әдебиет-өнер жөніндегі сыни шолулары, және фельетондары мен саяси мақалалары өз алдына бір төбе, қайталанбас қолтаңбалар еді. Қытай халқының фашизмге қарсы соғыс ескерткішіне郁达夫 аты мәңгі ойылып жазылады. 郁达夫 туралы материалдық құнға ие монография - ''郁达夫 жинағы'' (2 том) Жапонияда да басылып шықты. Жоу РынФа бас рөлін сомдаған кино-''郁达夫-дың ғажайып өмірі'' көрермендердің алғысына бөленді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу