22.12.2021
  211


Автор: Нұрхалық Абдырақын

Жайсыз орын

 


Сан Мау


Бұл бір жол кім жүргісі келсе сол жүретін ұзақ жол. Біз жолы картамен қыдырып жүрміз. Менің қолымда кітап материалдары және адамды шаршататын жүктерімде аз емес. Оның үстіне бас ауыртар сапар машақаты да жеткілікті.  Панама деген жерде менің сіңілім тұрады. Сол жерге аялдап  тынығуға мүмкіндік бар. Бірақ олда қалжырағаныңа не себеп болар дейсің. Қолымдағы төрт жол нұсқаушы кітап Еуропа мен Англияда басылып шыққан. Бұл кітаптарда сол елдер жөнінде көп мәліметтер берілген. Бұдан сырт Америкадан шыққан екі кітаптың айтары сыңар жақтылы субьектив қөзқарастарға толы екендігі бірден байқалады. Бұл да саяхатшыларға кеңес беретін кітаптар қатарында. Бірақ бұның келешекте қоқыс жәшігінде жататыны сөзсіз. Сол кітаптарда айтылған Колумбия деген ел жөнінде жақ ашар болсақ: Ол елдің тарихы, географиясы және сол елдің өзіндік ұлттық ерекшеліктері,  сонымен бірге оның зомагер ел екендігі жазылған. Жүз мыңдаған шаршы киллометрден асатын аумағы бар бұл елдің кейбір істері шынында адам таңқаларлық. Онда қауіпті аймақтар жөнінде айтылған. Адам тонау, кісі өлтіру, адам тонау тағы басқа бұзақылық әркттерден ертелі кеш қала сыртында  аса сақтықпен жүру айтылған. Бұған қарап кітапта автор әсірелеп жібергенбе деп шүбаланасың. Онда мынадай бір дерек кездеседі. Тайванның ауыл шаруашылық техникалық базасының бастығы су фамилиялы адам Панамаға әр рет келгенде тоналып қалатындығын өз аузымен айтқан. Ондағы қарақшылар аспай саспай барығһңды тонап жайбарақат кете барады. Бұларды оқып отрып Мишаның өзі таң қалды. Менде осы жерлерде жүрмінбе деп қорқа бастады. Бұл жағдай менің басымда қайталана қалса қайтемін. Бұдан сырт бұл жердің сырт жағдай да мәз емес екен деп аз кем ойланды. Ең дұрысы Тайваннан сыртқа шығарда атың жөнің ойылып жазылған сақинаны киіп алу және адрісің жазылған тілдей қағазды  қалтаңа салу керек. Бұл сені жаман жағдайда тауып береді. Менің ұолымда әдеттегі неке сақинасы. Бірақ мен оны қолымнан тастай алмаймын. Менің өмір жолым осы кішкентай саұинамен біте қайнасқан. Мені алда әлі алда талай сапарлар күтіп тұр. Ұшақ Боғдаға жеткенде амалсыздан қолымдағы сегіз жыл үш ай бойы таққан сақинаны жүрегімнің терең түкпіріне сақтадым да қолымды босаттым. Алайда сақинаға әбден үйренген мен бәкісін жоғалтұан шалдай бірдеңені іздей бердім. Түн ортасы ауғанда  ұшақ Боғда шыңынан әуежайға қарай құлдай бастады. Боғда шыңы теңіз деңгейінен 2640км биіктікте. Менің басым айланып, көзім қарауытып келеді. Енді міне жүгімізді сүйреп шаршайтын шаққа да таядық. Әуе жайдан таксиге мініп жатып орташа бағалы қонақ жайға жеткізуін сұрадым.Менің шетелдік екенімді менен бұрын білді. Мен чемоданым, паспортым сияқты маңызды заттарымды ойлап қылпылдап отырмын. Қонақ үйге келдік деп тоқтаған ол жеті саусағын шошайтып жетң долларын алды да өз жөніне кетті. Бұл менің Колумбия деген елге келгендегі алғаш алған әсерім болды. Екі күн қатарынан сол қоналқы жайда түнедім. Үшінші күні кішкене хабарландыру тақтайшасындағы жаңалыққа көзім түсті. Онда жанбас ақының қымбаттағаны жөнінде айтылыпты. Жанбас ақысы бірден жиырма жеті доллардан алпыс жеті долларға көтеріліпті. Таң қалысымды жасыра алмй кеңес беру бөлмесіндегілерден сұрадым. Бұл қалай, мемлекет бойынша осылай баға өстіме дедім. Жоқ, бұған мемлекеттің түк қатысы жоқ қонақ үйдің өзінің баға өсіруі. Мен бірден табанымды жалтыраттым. Далаға шықтым аяз бетті қарып тұр. Таң қаларлығы жаңбыр тамшылап тұр. Мен бар қыстық киімдерімді сіңлімнің үйіне Панамаға қалдырған едім. Мен бірден такси ұстадым. Такси менің баратын жеріме де жеткізді. Алайда ол баға есептегішін қоспаған болатын. Енді ол аузына келген санды айтты. Мен амалсыз басымды изеп күлімсіредім. Бөтен ел қашанда бөтендік жасайды. Менде басқа шара жоқ, амалсыз келісіп машинадан түстім. Есіме екі күн жатқан жерімдегі бір жолаушыдан естіген хикая түсті. Жақында бір топ қарақшылар біз жатқан қонақ үйдегі бір апайды өлтіріп тонап кетіпті. Алайда  бұл делоның күні бүгінге дейін дерегі табылмапты. Осыдан кейінде елдің есігін тарс бекітіп секемшіл болыпты. Алғашында бұл араға келгенде бір неше күн бойы есің шығып жүреді. Көшедегі адамдардың бірін - бірі мықтап ұстап ажырамай жүретіндігін көріп одан сайын есің шығады. Өмір осыншалық қиын ба?. Қай кезде тонағысы келсе сол кезде тонай береме. Енді міне өзімнен өзім қорқайын дедім. Көше тұрмақ жатын бөлменің есігін құлыптап кереуетіммен тіреп қойуды шығардым. Біреулер есік қақса қайта-қайта сұрап зорға есік ашасың. Құтың қашып жаның мұрныңның ұшында жүреді. Ішкен тамағың у болады. Қорыққаныңнан қала құрылыстарының формасы мен көше аттарын жаттап аласың. Енді бірде пахалшылар базарына бардым. Ол жерден қалаған тағамыңды жей аласың. Көзім бірден прәнікпен қақтап пісірілген шұжыққа көзім түсті. Себебі олар тамағын алып ақшасын бермей кетеме деп қорқады. Прәніктің бағасы жиырма бес песо деген соң ақшасын бердім. Алайда  сатушы мені елеместен прәнік сатамын прәнік деп айқайлай берді. Мен оған шұжықта пісті ғой прәнігіңді бермейсің бе дедім. Ол маған адырая қарап қайдағы саған прәнік сен маған ақшаның ұшын да көрсеткен жоқсың ғой деді Осы кезде онымен бірге қатар сатып тұрған пахалшықтар қарқылдай күліп мені әбден мазақтап кетті. Мен оған сен ақшамды алғаныңды әбден жақсы білесің ғой, құдай саған жар болсын деп жолыма түстім. Ол ыржалақтап қала берді. Міне осылай жалғыз жүргенімнің күйігін тартым. Есең кетеді олар қашанда әлімжеттік істейді.   


Күздің соңғы мезгілі. Суық жел бақайыңнан басыңа дейін тіміскілеп мазаңды иттей қашырады. Бұл ғой үйреншікті жәйт. Алайда жаныңды жаралап, жүрегіңді ауыртанын әділетсіздік өмір с үруіңді қиындатады. Бұл арадағы шындыққа жанаспайтын дүниелерді тізбектей берген ше өткен тарихтағы патшалар өмірінен сыр ақтарайын сіздерге. Сансыз адам сапырылысып келіп жататын мұражай. Бұл Оңтүстік Америкадағы ең атақты мұражай, әлемдегі он екі үлкен көргізбе үйінің бірі.  Менің ойымша әлемдегі бірден бір мұражай. Колумбиядағы саф алтынан мұражай. Онда мыңдаған миллиондаған алтындар түрі кездеседі. Тамаша нақышталған көркем өнерлік деңгейі өте жоғары заттар. Қарап таң қаласың. Алтынан түйін түйген шеберлерді көз алдыңа еріксңз әкеледі. Аузына темекі тістеген алтыннан жасалған адам да сізді өзіне тартады . Бұл әлде көктен түскен періштеме деп таңырқайсың. Бұл адамның иығында электр сымы оралып алтыннан қанат жасалған. Екі құлағында бүгінгі наушник, басында антенна бар. Бұған қарап есте жоқ ескі заманда жасалған мүсін деп айтуға ұяласың. Сосында шексіз ойға шомасың. Сол заманда осы топырақта адамзат өмір сүрді ме. Олар шыныменде  осындай тамаша заттар жасады ма.  Есіме бірден өзімнің ұалым досым Шың Жо Чан түсті. Ол қазір дәл қазір менің жанамыда болғанда ғой екеуіміз тамаша тақырыпқа кіріп әңгіменің майынын тамызар едік. Мұражайдың ең үстіңгі қабатында тұрған болат сандық еріксіз адамды баурайды. Күзетші жоқ кезде оны сипап көруге мүмкіндік болады. Оған жақындасаң одан жеңіл музыка ойнап жаныңды жадыратады. Сандық тұрған үйде еш шырақ жоқ. Бірақ алтынан жарқыраған жарықтың өзі  айналаны нұрландырып тыныштыққа шақырып тұр. Алтын деген әлемде теңдесі жоқ құнды зат. Ол-даңық, мәртебе, ол –сулулық, ол-бақыт. Ақырындап алтынндардан алыстасаң әдемі түсің үзіліп қалғандай құлазып қаласың. Шыныда алтының буы бар. Тысқа шыққанымда бір Америкалықтың  шіркін маған бір кішкене бөлек алтын берсеші деп аһ ұрғанын көрдім. Шынында адам өмірі шекті алтын мәңгі, ол көзің мен көріп қолыңмен ұстайтын сапалы зат. Бырақ олжесе тамақ болмайды, алайда ол саған жан рахатын силайды. Бырақ ол кейде адамға үлкен әурешілік те ала келеді. Оңтүстік америкалық саяхатшылар осы араға барғанда бұл жерден кетуге қиналады.  Кеткісі келмей айналсоқтап жүреді. Американың қақтаған тауығы, Италияның пірандігі, Қытай ашқанасы сияқты алтының да адам баурағаы қасиеті бар. Сонымен бірге ол жақтағы үлкен кіші храмдар да саяхатшыларды өзіне тартады. Жаныңмен сезіне көрсең олар саған бірдеңе силайды. Бұл дүниеге саған бір бейғамдық па жалқаулық па бірдеңе бойыңа ұялатады. Бұдан сырт тағам мәдениетін де көресің, бірақ барлығынан бар тартасың, бәрі де сол Америка тауығына жете алмайды. Гамбіргор және майкі таттісі қимасы дейсің бе? қай елдің  тағамдар осы жерден табылады. Бәр-бар сені еріксіз өзне тартады. Қытай тағамдары да бұлардан еш қалыспай өз алдына ерекшеленеді. Ондағы күріштер мен бормиды көп жеп қойдым семіріп кететін болдым-ғой дегенің мен, ол адамды еш семіртпейді. Боғда шыңының дәл жотасында қолдан құйғандай кіресіт белгісі бар, сонмен бірге онда хирстан пайғамбарларының мүсіні қойылған. Әсіресе тау жотасында бір ескі храмға бар, етегінен қарасаң ол аппақ болып көрінеді, ол атақты «Мыңсыла» онда болсаң құдды кітап оқығандай күйде боласың, Колумбияға келушілер осы мыңсыланы көрмей кетпеуге тырысады. Алайда онда бара қалсаң аспалы арбамен тырамбайлармен жүр деп ескертеді, жаяу жүрсең қарақшыларға таланасың деп ескертеді. Тіпті біреуден жол сұрасаң ол тәксиге мінде адам көп жерген жетіп алып, барар жеріңді сосын тап деп кеңес береді. Мен бұл ескертпелерді тыңдамастан жаяу тарттым, себебі менде тонайтын ештеңе жоқ, тау шыңына да жеттім тынысым тарылып қиналдым. Кіресіт формалы белгі қойылған құрлыстар әр жерде салынып жатыр. Бұлыңғыр жарық түсетін  әйнектен жасалған баспалдық тағы солхирістан құдайына алып барады. Ол құдайының жүзіне тура қарасаң одан мейірімділікті байқайсың. Онда қапатаған үлкенді кішілі балауыз шырақтарды көресің, оған бас ұрып құлшылық жасап жатқан жандарды байқайсың. Кейбіреуі аттарын ойып жазған тақталарды ұстап рухы солармен тілдесіп басқа әлемге әлде қашан кетіп қалған. Бұл оңтүстік Америкадығы   бұндай тілсім дүниеге сену ежелден келе жатқан, олар үздіксіз храмдарда құлшылық жасайды. Кейбір жандар ауырып қалса дәрігерге бармай осында сүйретіле келіп құлшылық жасап мінажат  етеді. Тас баспалдақтың екі жағы ағаш рамы оның жанының бәрі жаңағы тіленушілердің аттары жазылғын ағаштар. Кейбіреулері өлген ата-бабасының да аттарын жазып келіп осы араға қалдырып құдайларынан арғы дүниеде оларға шарапаты тисін деп тіленеді. Меніңше бұның барлығы ғажайып тілсім күшке деген сенім-ғана сияқты. Храмдарының алдында тізерлеп отырып шырақтарын жағап шоқынып жатқан адамдар тақтайшаларын ұстап ақсақал қара сақалы да еңкілдеп жылап, құдайларымен тілдесуде. Бұл ара шынымен де шоқынушылардың құдайларымен тілдесетін ашық алаң. Біз бұл әлемнен алыстап боғда етегіне түстік, онда әдемі табиғат, жанға жайлы тыныштық, кейбіреулер осы арадан қайта айналып храмдарына кетті. Менің бір байқағаным ұмытқан көңіл жетер адамдарының да атын атап оларға да құдайлаынан кеңшілік сұрады.  Олардың ауыру-сырқауда осы арға келіп жалына құдайларына тесіле қаоауы мені таңдандырды. Неге екенін білмейім кенеттен аяғым қақсап кетті, жер бастырмады, еш себепсіз ауырды, жанымдағылар құдайларына барып мен ұшын жалынды, артынша аяғым ауырғаны жазылды. Менің іштей сенбегенімді сезді ме екен олардың құдайы. Осыдан кейін олар маған бес кішкентай кіресіт формасындаға зат берді, ол бүгінге дейін үйімде ілулі тұр. Мен оған қорғаушы ретінде қараймын.  Менде тонап кететін ештеңе жоқ боғда көшелерінде жаяулап келемін, мен тонаушыларды ұмыттым, көшеде анда –мұнда сақшыларды көзім шалып қалды, олар біреулерді машинасына зорлап салып жатқанын көрдім, мен мишаның айтуы бойынша фотаапарат ұстамадым, бір жолы адам  көп саябаққа баратын болғасын фотоапарат алдып барып сүреттке түстім, кешінде ашудан жарыла жаздап Миша келді, ол келе жатқанда түстен кейін бір көше сақшылары ұстап алып мекемелеріне апарып тіміскілепті, ештеме тапағасын қоя беріпті, жаяулап келе жатса тағы бір сақшылары ұстап алып оларда алдыңғы сақшылардың қылығын қайталапты,  оның қалтасындағы фаспортының көшірмесіне олар біраз сөйлепті, бұл сен екеніңді білдірмейді түп нұсқасы қайда деп  одан сайын әуірелепті, осылай кеш бетіп үйге жеткен беті екен. Бұл қалада ұшарыңды жел қонарыңды сай біледі, қазір сақшы көрсем алыс жүремін дейді Миша. Кетуге екі күн қалғанда түз шығатын бір жерге бардым, ол арадада храм бар екен, ол тұздар жүрек ауыруына ем дейді жергілікті ел. Ол ұшын бір қараңғы үңгірге кіріп отырасың, аз отырып атып шықпасаң тұншығып кетесің, Колумбия шекарасынан шығарда  адам басына 30доллардан салық алады екен, бұл әлемде жоқ жағыдай. Колумбиядағы есселерім құдды кино лентесындай көз алдымда шұбырады, мен қазір алаңсыз жерде жүрсемде ойласам болы қорқам. Тіпті әуежайдың өзінде чемоданыңды бұзып ашып ішін жінтіктей ақтарады, кейбір ұсақ-түйектеріңді алып қалады, бұл сенің оларға еріксіз қалдырған естелік заттың, Колумбия шынымен де осындай таңғажайып ел.


Автор туралы мәлімет     


Сан Мау,  әйел (三毛San Mao1943-1991)


Әуелгі аты Чын Фиң Басты Цануіндері «сақрадағы әңгіме,жаңбырлы маусым қайта келмейді,күршшінің қолданбасы,жылаңқы түйе,маужыраған түн,әсем табиғатқа саяқат,саған бір ат мінгізем,менің сүйкімдім,көшенің басы мен аяғы,аралға саяхат,түнгі ойын,үйлену естелігі,ақ алақанмен үй болу,өлместің құсы,түс пен өң,батыс желі сені танымайды»қатарлы көптеген шығармалардың авторы. Оның қаламынан маххабат, отбасы, неке қатынасы,т.б., көптеген тақырыптар тамаша тартымды, қызықты да ұғынықты етіп қарапайым тілмен жазған шебер жазушы. Оның атағы алты құрлықтан асып кеткен өте талантты қаламгер , оның көптеген шығармалар шет тілдерге аударылған. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу