22.12.2021
  382


Автор: Нұрхалық Абдырақын

Жақсылық пен жамандықтың арасы

 


  Автоответчигі бар телефон сатып  алдым, оның жауап беруден басқа, жазып алу, дауыс шығару функциялары бар. Егер қолың босамай жатса алдын ала өзі тыңдалатын кнопкасын жасап қойса, телефон шырылдаған кезде тұтқаны алмасаң да өзі қосылып сөйлесе берсеің.


Дәретханаға кірген кезде телефон соқса, шалбарыңды көтере салып жүгірудің қажеті жоқ. Оны жоғарыға іліп қойып, шырылдаған кезде түсірмей ақ алыстан «қазір»,- деп қатты дауыспен айқайласа болады.


Тіпті бір жаққа кетіп қалып үйде не болып жатыр екен деп уайымдайтын болсаң, мынандай функцияны орнатып қойса болады. Сырттан үйге телефон соқсаң: үйдің ішіндегі әрбір қозғалысты, мысалыға қызың жылап жатыр ма, ұлың телевизордың алдында отыр ма немесе мұздатқыш өшірілген бе осының бәрін тыңдауға болады.


Әрине бұны мәжбүрлеп сөйлесу деп айтуға болады, телефонды көтерген адамға ойланатын мүмкіндік бермей, өзінің жауап беруіне де мүмкіндік бермейді.Тіпті ұйықтардың алдында былай жасаса болады, егер бір белгіленген  уақытқа  тұрмаса ол адамға өзінің қорылын төрт  қабырғаны дірілдетіп жатқанын естіртуге болады.


Ал егер ұйықтап жатқан адам тыныш немесе тіпті өліп қалса, әлгі телефон өзі жауап бере алады ма?


Сонымен маған бір керемет ой келді. Егер біздің жақынымызды қабірге салып жатқан кезде оның құлағының жанына телефон мен сымды  қойып, сол адамды сағынған кезде сым арқылы өзіміздің сағынышымызды айтып берсек болады. Әрине телефонның арғы басында еш үн болмайды, кейбір адамдар тек өлген адамды, қорқынышты сезінуі мүмкін.


Мен былай елестеттім, егер телеграф конторы шынымен келісетін болса, онда сөзсіз бір  күндері бейіттен телефон сымдарын байқайтын боламыз, тіпті бір кішкене қала секілді болатындай. Және қараңғы түндерде біз тек оны кемірген құрттың ғана дауысын естімейтін боламыз.


Дың, дың деп қабірдің ішінде  өзі жауап беретін телефонның дауысы үздіксіз шығады, барлығы да сымның арғы жағындағы  жақсы көретін, сағынатын адамымен сыр бөліскісі келеді.


Осындай махаббат жазбаларының әлемінде мені есте сақтамақ түгіл ұмытатын секілді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу