22.12.2021
  579


Автор: Нұрхалық Абдырақын

Жаралы қайғы

 


Жуан Шыңның естелігі


Лу Шүн


Зы Жун үшін, өзім үшін, өкінішім мен қайғымды жазып жеткізе алар емеспін. Мұра болып қалған ескі құрылыстың жанында елеусіз ғана ескі үй тұр. Ол жерде жан баласы жоқ. Өлі тыныштық орнағалы қашан?!


Зы Жунге деген махаббатымның арқасында  осы тұңғиық жалғыздықтан құтылғаныма  тура бір жылдың жүзі болды. Бұлда болса тағдыр. Қайта оралғанымда, осы жұпыны ұяшықтан басқа ештеңе жоқ. Баяғы ескі терезе, терезе сыртындағы  шіріп жатқан үйеңкі ағашы мен шырмауық. Тозған терезеге тақалған төрт бұрышты үстел, барлығы баяғысындай, өзгермеген. Тіпті, қабырғаға тірелген тақтай төсек те өз қалпында тұр.


Түннің бір уағы, меңіреу  қараңғылық, күллі дүние ұйқыға кеткен, менің көз алдымда өткен күндерім, Зы Жунмен мүлдем бірге тұрмаған сияқтымын. Одан арғысы осы жұпыны үйден көшіп шығып, Жижау (хутуңында) көшесінде  үмітке толы отбасы құрғанымды да еске ала алмай отырмын.


Тек осылар ғана емес. Бір жыл бұрынғы тыныштықтың арасында Зы Жун  қайтып келеді, деген үміт араласып мені алдай беретін. Мазам кетіп, сарғайып сабыр таппай тұрғанымда туфлидің тықылдаған дауысы менің тұтас бойыма қайтадан жан кіргізеді. Сөйтіп көз алдыма ұршық оймақты,  домалақ бетті, боз жейде, қызыл көйлекті әйелді көремін. Ол үйеңкі ағашының жас жапырағы мен шырмауықтың ақ гүлдерін үзіп маған алып келді...


Тыныштықта тұңғиық ойға батып мен тұрмын. Зы Жун енді келмейтін болды. Мәңгілік келмейтін болды, мәңгілік....


Зы Жунсіз бұл үйдің еш қызығы жоқ. Зеріккен мен, қолыма іліккен кітапты оқи беремін, кітапта не айтылғаны есімде қалмайды. Бар назарым қақпа сыртындағы адамдардың аяқ тықыры. Құлағыма соншалық Зы Жун жақындап келіп, соңынан алыстап  бара жатқан сияқты сезледі. Зы Жунның аяқ дыбысына мүлдем ұқсамайтын шүберек аяқ киім киген әкім малайының баласын жек көремін, сондай-ақ, мені үнемі жаңылдыратын көршінің жаңа туфли киіп жүретін шөп желкесін де жақтырмаймын, оның аяқ дүбірі Зы Жундікіне қатты ұқсайды емес пе?!


Зы Жун велосипедтен жығылды ма, әлде оны троллейбус соғып кетті ме?


Мен осы ойлармен Зы Жунды іздеп шығатын кезімде, оның нағашы әкесі мені әбден сөккені есімде.


Кенеттен оның туфлиінің дауысы құлағыма жетті. Мен жүгіріп алдынан шыққанымша, ол күлімсіреп  жақындады. Ол  нағашысының үйінде жәбір көрмейтін секілді.Менің көңілім орнына түсті. Біз көп ұзамай әңгімеге шеттеміз: отбасылық үстемдік, көне салт-дәстүрді жою, ер мен әйел арасындағы тепе-теңдік. Ебсон, Тагоры, Шели туралы шетел әдебитінің алыптарын да сөз етеміз....Ол үнемі күлімсіреп отырып, қызыға тыңдайтын. Қабырғада Шелидің жартылай жалаңаш суреті бар, мен оған суретті көрсеткенімде, ұялып қалған секілді басын төмендетті. Зы Жун осы ісінен оның тараптық құрапилық идеяның әлі де шырмауында тұрғанын көруге болады. Мен кейін де ойлайым, Шелидің теңізде тұншығып өлген суретін қойсам  ба екен немесе Ебсондікін, алайда  сол суреттің өзі де жоқ болып шықты.


«Зы Жун тек өзімдікі, олардың ешқайсысының да кедергі жасайтын құқығы жоқ!»


Бұл сөздерді екеуміздің араласқанымызға жарты  жыл болғанда ған айтушы едік. Бұндай мәселеге оның әкесі мен нағашы әкесінің көзқарастары мүлде басқа болатын. Ал ЗыЖун де бұларды әбден түсінетін. Зы Жүннің осы сөздері құлағымның түбінде талай күн сайрап тұрды, менің жүрегімнің түбіндегі тып-тыныш жатқан көлге алып тасты тастағандай болды, бойымды бір қуаныш биледі. Қытай әйелдері қайдағы біреулердің айтқандай емес, мен болашақтың өркендеуіне кәміл сенемін.


 Оны жолға шығарып салдым, ол көрінбей кеткенше көз алмай қадалып қарап тұрдым. Қара мұртты әкім малайының ұлының беті терезе әйнегіне жабысып қалған. Сыртқы аулада көршінің жүгермегі терезеден қарап тұр. Зы Жүн оларды байқамай мақтанышпен алға қарай кетіп барады, мен де мақтанышпен үйге келдім.


«Мен еркінмін, олардың ешқайсысының да маған кедергі жасайтын құқығы жоқ!»Бұндай ой маған жақынан бері пайда болы. Менен мықтыларды терезеге  не жабыстырады екен деші?


 Мен оған сезімімді селдетке кезімді еске ала алмай отырмын. Сол кезде сүйетінімді айттым, тебіренген жүрегім, миымдағыларды өшірді. Тіпті бірге тұрғанымызға бір екі ай болғанда сол кез көз алдыма елестейтін . Тек есімде қалғаны, оймды қалай жеткіземін деп, он шақты күн бойы, ұйқысыз таң атырғаным- ғана. Тіпті сол кезде не айтарымды білмей кинолардағы  көріністер секілді қолынан ұстап, бір тіземен жүгігім келетін...


 Өзімнің ғана емес Зы Жүннің қимылдары да есімде жақсы қалмапты. Бұлдыр елес болып қалғаны, оның реңінің көгеріп, барып қызарғаны ғана. Көзінен балаша таңғалу мен күдік араласқан нұр жарық етті. Көзіме қарамай жанарын алып қашқан ол, тіпті терезеден атып шығуға шақ қалады.


Ал ол болса менің әрбір сөзімді бәз қалпында қайталап отыр. Менің әрбір қимылым, ол жөнінде тіпті кино лентасындай үзілмей көрсетіледі.  Мен тіпті сол сәттер жөнінде айта алмай қалғанымда ол мені түзетіп, менің сөзімді толықтырып отыратын, апайдың алдында сұрақтарға жауап бере алмай, аяғымен жер сызып тұрған оқушыдай сезінетінмін өзімді сол сәтте.


Кейін келе мынадай еске алулар да сиреп барады. Алайда оның өзінен өзі аспанға қарап, тағы сол кездерді еске түсіріп, менің сасқалақтаған кейпіме күліп отырғанын білетінмін.


Мен оның бұл бейнесін мазақтап күлмейтінімді біледі. Өз-өзіме күлкім келеді. Ал оның маған күлмейтініне сенімдімін. Өйткені ол өзінің кіршіксіз махаббатын ойлап отыр.


 Өткен жылдың көктемінің аяғы, ең бақытты, әрі ең қарбалас күндер еді. Менің кейде көңілім жай таба бергенде тағы бір жақтардан қарбаластыққа түсетінмін. Екеуіміз көбінесе баспана іздеп көп жерлерге бардық, саябақта, көшеде бірге жүрдік. Айналадан үнемі сынай, мазақтай, менсінбей қарайтын жанарларды байқаған  кезде мен тек өзімнің тәкаппар мінезіме сүйеніп арсыздыққа салынамын. Ал ол болса бұларды каперіне де алмай, жер әлемде өзі жалғыз жүргендей кердең-кердең басатын.  Жалға баспана табу оңай шаруа болмады. Көбінесе біздің ақшамыз жетпейді, кейбірін өзіміз ұнатпадық, бастапқыда өзіміз шартымыз үлкен  еді, соңғы кездерде біз бәріне көнгелі тұрмыз. Сөйтіп 20 шақты үй көрдік, ең соңында осы Жи Жау көшесінен бір кішкене үйдің екі шеткі бөлмесін алдық, үй иесі кішігірім мансапты, алайда көзі ашық адам екен. Әу бастан-ақ  мен өз ойларымды айтып болдым, кемшіліктерімді де жасырмадым.


Өздері үлкен екі бөлмеде тұрады. Әйелі мен бір жасқа толмаған қызы бар. Ауылдан келген бір күтуші әйелдері бар екен.


Біздің үй жиһаздарымызда өте қарапайым ғана болатын, деседе менің оған жинаған ақшамның басым көп бөлігі кетті. Зы Жун өзінің алтын жүзігі мен алтын сырғасын да сатып жіберді. Мен оны тосқан болсам да, ол райынан қайтқан жоқ, ол бұл үйге үлес қоспаса тұра алмаймын деді.


 Ол баяғыда өзіңің нағашы әкесімен ат-кекілін кесіп те үлгерген. Мен де өзінің ақыл көрсеткіш, су жүрек, қызғаншақ достарымнан байланысымды үздім. Бұл маған тыныштық силады. Әр күні жұмыстан қайтар кешкі елең-алаңда,  жаяу арбада отырып, бір-бірімізге қараумен боламыз. Екеумізде тым-тырыс, бірақ ештеңе де ойлап тұрған жоқпыз. Мен де үш аптадан бері оның жанымен де тәнімен де таныстым, тіпті бұрында  түсінемін деп ойлап жүрген кейбір істерді енді-ғана түсіндім.


 Зы Жунның көңіл-күйі күн өткен сайын  жақсарып қалды. Бірақ та ол гүлдерді ұнатпай қалыпты, мен оған гүл сататын базарынан алып келген екі шоқ гүлге төрт күн бойы су құймай қурап кетіпті. Менің де ол гүлдерге қарайтын бос уақытым жоқ. Ол хайуанаттарды ұнататында тауыпты, бұл қасиетті көршінің бәйбішесінен жұқтырып алған ба деймін. Бір ай болмастан жанұя мүшелеріміз көбейіп кетті. Төрт шөжеміз үй иесінің шөжелерімен қосылып кетті. Алайда олар өз шөжелерін танитын. Тағы бір ала күшік бар болды, оны Бұдхана жанындағы базардан сатып алғанбыз. Зы Жун оған А суи деп ат қойып қойды. Мен бұл атты ұнатпасам да осылай шақырып жүрді.


 Бұл нағыз болған жағдай. Махаббат әр дайым жаңалықтарға толы болуы тиіс деп Зы Жунге айтқанымда, ол да басын изеп қосылатын.


Ал сол түндер қандай бір бақытты түндер десеңші!


 Тыныштық пен Бақыт сезімі орын теуіп қалады екен. Тіпті мәңгі осылай тыныштық пен бақыт болатын сияқты сезілетін. Біз сарайда тұрғанымызда анда-санда ұрыс-керіс болып тұратын, Жи жау көшесіне көшіп келгелі бері бұл бұның бәрі жоқ болып кетті. Екеуміз тек шам астында отырып сол ұрыстардың соңынан татуласқан кездегі, тәтті сезімдерді еске түсірумен болатынбыз.


 Зы Жун тіпті семіріп те қалды. Алайда үй шаруасынан бас көтере алмайтын. Кітап оқып, сыртқа серуендеп келу тұрмақ тіпті әңгімелесетін де мұршасы  жоқ. Біздерде бір үй  жұмысшысын жалдау туралы айтатын болдық.


 Бұл жәйттар да мені мазалап жүр. Кешке қайтып келгенімде оның райынан көңілсіздікті байқап қаламын. Әсіресе мені ашуландыратыны оның маған білдіргісі келмеуі. Ақырын сұрасам баяғы сол көрші бәйбішемен болған күншілдік, себеп сол екі үйдің шөжелері. Неліктен маған айтпайды? Менде бұл үйдің бір мүшесімін-ғой. Мынадай баспанада күн көруге болмайды сірә.


Менің жолым  бір қалыпты әр аптадағы алты күн бойы, үйден мекемеге, мекемеден үйге келіп-кетумен болам. Мекемеде тек құжаттармен хаттарды көшірумен уақытым өтеді, ал үйде болсам оған көмектесіп от жағып, күріш пісіріп, бунан пісірумен боламын. Мен осы кезде құрт пісіруді үйреніп алдым.


 Менің тамағым сарайдағы кездерден дәмді, одан көп жақсы. Зы Жун тамақ істеуге шебер болмасада, ол бар пейілімен істейді. Ол күн-түн демей әбігер болғанына қарап мен де тыныш тұра алмаймын ғой. Тағы ол күн бойы терлеп-тепшіп, шаш тері шекесіне жабысып қалатын, екі қолы да қотырланып барады. Оның сыртында шөжелерге жем беру, А суйге тамақ беру... барлығына ол болмаса болмайды-ғой.


 Мен кезінде оған айтқанмын, мен ашықсам ештеңке болмайды, сен бұлай шаршамасаңшы десем, ол маған бір қарады да, ауыз ашудан бұрын, шырайына бұлт үйірілді, одан әрі не айтарымды білмедім. Ол баяғы сол әбігерлгімен жүгіріп жүр.


Оныншы қазанның кешінде үйде отырғанымда кенеттен есік қағылды. Ол ыдыс жуып жатқан болатын . Есікті барып ашып едім, почтальон маған бір хатты тапсырды. Шам жарығында асығыс хатты оқыдық :  мекеме бастығының бұйрығы бойынша:


«Жуан Шың мекемедегі жұмысынан босатылады».


Секретарь бөлімінен. 9 қазан.


 Мен бұлай боларын мүлде ойламаптым: көршінің баласы мекеме бастығының баласының жан досы, сөз жоқ, өсектейтін болды-ау. Осы кезге дейін ештеңе ойламағаныма таң қалдым. Іс жүзінде бұл жағдай мен үшін соққы емес, себебі мен бас кезде-ақ басқа жолдарды ойластырып жүргенмін. Басқалардың заттарын көшіріп немесе сабақ беріп, не болмаса біраз кітап аударсам да болады. Оның үстіне «Еркіндік жолдасының» бас редакторы бірнеше мәрте жолыққан таныс адам. Екі ай бұрын затпен хабарласқанбыз. Бірақ менің жүрегім қобалжып кетті, жер әлемді иленбей менімен бірге тұруға бел байлаған Зы Жунның толқуы, тіпті мені ашындырып жіберді. Ол жақыннан бері қорқақ болып қалған тәрізді.


 «Онда тұрған не бар, біз жаңадан бастаймызбәрін...» деп даусы үзіліп қалды.


 Ол сөзін айтып болған жоқ еді, менің құлағыма оның сөздері жеңілтек, толқынды болып естілді, тіпті шамның өзі де күңгірттеп кетті. Адам деген қызықты хайуан екен, кішкене мардымсыз істердің ықпалынан бас көтере алмай қалады. Біз екеуміз үндемей бір-бірімізге қарап қалдық, соңынан ақылдасып отырдық. Ең соңында қазіргі ақшаларымызды барынша үнемдеп, бір жағынан шағын жарнама жариялап, көшіру мен сабақ өту сияқты жұмыстарды іздеумен, енді бір жағынан «Еркіндік жолдасының» бас редакторына хат жазып, өзімнің жағдайымды айтып, менің аудармамды қабылдауын сұрайтын болдық.


 «Өз сөзімізде тұрайық, жаңа жол ашайық!»


 Мен дереу үстелге бұрылдым, Зы Жун де күңгірт  май шамды әкеліп қойды. Мен алдымен жарнаманы жазып, содан аударатын кітапты талдадым, ең соңында хат жазуға кірістім.


 Мен көп ойландым. Жазуды тоқтатып, Зы Жунге қарасам, оның жүзінен жабырқау байқалып тұр. Мен шыныда бұл болымсыз жағдайдың Зы Жунге осыншама қиындық тудыратынын ойламаған екенмін. Осындай қайсар да табанды Зы Жунның соншалықты өзгеретінін үш ұйықтасам да түсіме кірмепті. Ол жақында өте әлсіз, қорқақ болып кеткен сияқты, алайда бұл осы күннен басталған жағдай емес. Сондықтан да менің жүрегім қобалжып тұр,кенет көз алдыма сарайдағы тыныштық сағым сияқты көрінді де, анықтап қарай бергенімде, лезде ғайып болды да, тағы сол күңгіріт майшамның жалауы елеңдеп тұр.


  Көптен кейін, хат та жазылып бітті, тым ұзақ болмады. Мен шаршағанымды сездім, мүмкін мен де қорқақ болып әлсіредім бе. Ертеңгі жоспарда жарнама мен хат жолдауды іске асыратын болдық. Осындай шешімнен кейін көптен бері жоғалтып алған қайсарлығымызбен қайта қауышқандаймыз. Сонымен қатар бүршіктеп бас жарған үміттің жаңа майсасы да көз алдымызда тұр.


 Сырттан келген соққы бізді күйретудің орнына керісінше серпілтті. Мекемедегі өмір қапаста жата беріп, тек азғантай дәнге қанағат етіп, қанатын серпуді ұмытып қалған шымшықтай шымшықтың күні екенін енді сезіндім. Қапастан щыққан күннің өзінде ұшатын табиғатынан айырылған. Қазір осы қапастан қашып шықтым, өз қанатымның серпімі бар кезде, ашық аспанда еркіндеп ұшайын.


Шағын жарнаманың,жемісі бірден көріне қоймайды, кітап аудару да оңай жұмыс емес. Кіріскеннен бастап қиындықтар көріне бастады, бірақ мен бекімге келдім. Бар күшіммен аударамын. Жаңа сөздіктің беттерінде жарты ай өтпей жатып қап-қара саусақтардың іздері қалды. «Еркіндік жоллдасының» бас редакторы жақсы мақаланың әсте көміліп қалмайтынына кепіл болған еді.


 Өкінішке орай менде бір тыныш орта жоқ, Зы Жунда бұрынғыдай тыныш емес, үй ішінде ыдыс-аяқтар шашылып жатыр, көк түтінге толы үй, қамсыз жұмыс істеуге келмейді, өзімнің дәрменсіздігімнен бір оңаша бөлмеде ала алмаймын. Оның үстіне ас үйдің шуылы, күн сайын өсіп келе жатқан шөжелер,және осы шөжелердің  себебінен болған көршілермен айғай-шу.


Күн сайын ұлғайған «тамақ табу» мәселесі. Зы Жунның бар ойы осында ғана сияқты. Ақша жинап құрсақты қамдап, одан ас  үйге, шөжелерге жем беру,ол өзінің бұрынғысын мүлдем ұмытқан сияқты,тіпті менің ойымды да осы шуымен үзіп жіберетінінде ұмытқан. Менің ашулы райымды аңғармай, асап-асап тамақ ішіп отыр.


Оған менің тамақ деп жұмысымды тоқтатуыма болмайтының түсіндірудің өзіне бес апта уақыт кетті.Ол түсінсе де айтпағанымен де ашуланғаны белгілі.Менің жұмысым содан кейін тез алға басты, көп ұзамай 50 мың сөзді аудардым. Аз ғана бір-екі рет өңдеп шықсам болғаны, дайындап болған екі әңгімемен бірге «Еркіндік жолдасына» жіберуіме болады.Бізді тек тамақ мәселесі ғана мазалап жүр. Суық болса бір жөн,тамақ жетпей қалып аш жүрмін.Үйде отырып жан-таласа жұмыс істетумен күнім өтсе де тамағым азайған, ол алдымен ас үйдегі ит пен шөжеге тамақ береді. Кейде өзіміз жеуге қимайтын қой етін де береді, себебі үй иесінің бәйбішесінің ас үйгілер арықтап кетіпті деген тәлкегіне төзе алмайды.


Бұны мен көп уақыт бақылау арқылы білдім.Бірақ Хышелидің тұжырымы бойынша «адамзаттың әлемдегі орны»  сияқты. Өзімнің орнымды байқадым. Бар болғаны ит пен шөжелердің арасында ғана екен.


Кейін келе арпалыстың арқасында шөжелерде біз және ас үйдің құрсағынан орын тапты.Осыдан соң біршама тыныштық орнады. Зы Жун ермегінен отырған баладай сөйлегісі де келмей отыр.Адам неткен құбылмалы десеңізші.


Ас үйімізді қалтыра алмайтын болдық. Енді қай жерден хат келер деген үмітімізден де  айрылдық. Зы Жуннің енді ас үйге беретін ештенесі де қалмады.Пешті жағудың өзі мәселе болып тұр,ас үйдің  тәбеті де бізге мәселе болды.


Шөп қыстырып базарда сатсақ та бірнеше тиынға жарайтын шығар, бірақ біз былай істеуді қаламадық. Сонымен итің басын бүркеп қала сыртына апарып қоя бердім. Ілесіп келе жатқанда оны шұңқырға итеріп жібердім,тым терең да емес екен.


Үйге оралысымен,жанға жайлы тыныштықты сезідім.Алайда Зы Жунның жабырқаңқы жүзі,мені таң қалдырды.Бұл бейне әрине ас үй үшін болғаны белгелі, бірақ бұрын соңды болмаған еді. Осыншама жабырқауға тати ма? Мен тіпті шұңқырға итергенім туралы айтпадым ғой.


Кеш болғанда, оның жабырқаңқы жүзіне тағы салқындық қосылды.


- «Зы Жун саған бүгін не болған?»- деп мен шыдамай сұрадым.


-«Не?»- деп ол қарамастан жауап берді.


-«Сенің райың....?»


-«Ештеңе,ештеңе болмады.»


Мен ақырында оның сөз-әрекеттерінен,оның мені қатыгез адам деп танығанын аңғардым. Соқа басыммен де  өмір сүре  беретінмін. Тәкәппарлығымнан көне көздеріммен де араласпадым. Алыстап ұзаққа кетсем де табысым да жаман  болмас  еді. Осындай тұрмыстың азабына төзіп келе жатқанымның себебі неге Зы Жун болып отыр, А Сунды қоя беруде шарасыздық  емес пе? Зы Жунның танымы таязып бара жатқан тәрізді, осы жағдайларды ойдамайтынына таң қаламын.                                 


  Мен бір орайын келтіріп осы жайымды ескерткен едім, ол білгендей басын изеді. Бірақ кейіннен оның түсінбегенін немесе сенбейтінін білдім.                   


 Ауа-райының суықтығымен қоса оның салқын райы мені үйге сыйғызбады. Бірақ қайда барамын? Көшеде, бақшада, оның суық райын көрмесемде, желтоқсаның мұздай ызғары да жеткілікті. Ақыры кітапханадан өзімнің ұжымағымды таптым.                                                                    


   Ол жерде билет алудың қажеті жоқ,оқу залында екі темір пеште өлексенің көзіндей жанып тұрған  көмір, тек көрген адамды идея жатқан жылуымен бағыттайды. Кітап болса барлығы көнеріп шіріп кеткелі тұр. Жаңа кітап атымен жоқ. Мен ол араға кітап көру үшін бармаймын. Мен сияқты бірнешеуіміз бар. Кейбе оннеше боламыз, мен сияқты кітап оқуды сылтау етіп, жылынатындар. Бұл жерде әр адам өз қымбатын оқумен болады, пештің айналасында үймелеп тұрғандардан көшедегідей ала көздің астында қалмайсың.  Ол арада маған көрердей қымбат болмаса да, менің ойлауыма мүмкіндік бар. Жалғыз қалып осы өткен жарты жылдық өмірімді еске алсам, тек махаббат үшін ғана өмір сүріп, өмірдің басқа жақтарын мүлдем аңғармаппын. Біріншіден, өмір сүру, адам тіршілік ете алғанда ғана махаббатқа тірек бола алады. Дүниеде талпынған адам үшін тіршілік жолдары жеткілікті, менде өз қанатымды қағуды ұмытпадым, бұрынғыдай арыным болмаса да қаға беремін бірақ алысқа ұша алмадым.


  Айналамдағылардың барлығы біртіндеп ғайып болып барады, менің көз алдымда сұрапыл толқындағы балықшы, сұрапыл соғыс ішіндегі қайсар жауынгер, ақжағалы  ақсүйек, сауда алаңындағы ойыншылдар, табиғатты бағындырған батырлар келді. Және сабақ үстіндегі профессор, ымырттағы спортшы және жарым түдегі ұры... бір-бірлеп бойларын көрсетуде. Зы Жун жанымда, бірақ менің ойымда жоқ. Ол баяғы батылдығымен қайсарлығынан айырылып қалған, А Сун үшін қайғырып, тамақ істеумен әбігер, ең қызығы ол арықтамаған тәрізді.                                                                                


 Залдың ішінде суыта бастады. Темір пештегі соңғы көмірде жанып, өшейін деп тұр. Кітапхананы жабатын уақыты болды. Тағы да Жи Жау көшесіне қайтам, салқындыққа төзуім керек. Жақыннан бері ол сұлуланып келеді. Алайда бұл менің жанымды тіпті ауырта түсті. Бір күні Зы Жун көзінен көптен бері көрінбеген балалықтың нұры жарық ете түсті, маған алғаш рет сарайға келген кездеріміз туралы айта жөнелді. Мен оған ренжіп жүргенімді білемін, оны бұл жайттар мазалап жүр, менде өтірік күліп, оны жұбатайын дедім, бірақ өзімнің осындай күлкі пайда болысымен, өзімнің айтқан жаснды сөздерім менің өзімді қуыршақ сықылды келемеждейтін сияқты. Зы Жунда бұны сезіп отырғандай, әдеттегі механикалық салмағынан айырылды. Жасырғысы келсе де, өзінің күмәнін байқатып қойды. Сөйтседе ол маған жылы рай көрсетті.                  


  Мен оған ашық айтуға батылым бармай тұр. Өз ойымды айтайын десем оның балаша жанарына қарап жаным ашып кетеді. Бірақ бұл ойлар қайтадан мені мазалағанда өзімнің сабырлығымнан айырыламын.  Ол тағы сол өткен күндегі бақытты шақтарды екске алумен болады, менің жалған жылы лебізме жауап беруіне тура келеді. Осы жасаған жалғандықтардан тұншығып, тыныс ала алмай қаламын.  Осындай мазасыз жағдайларда жүрмін, шындықты айту үшін өте үлкен батылдық керек. Егер осы батылдық болмаса, жалғанға жармасып өмір сүрген адам мүлдем жаңа жол аша алмайды. Тіпті өзінің кім екенін ұмытатын шығар. Зы Жунның өкпесі қара қазандай. Мүмкін маған солай сезілетін шығар.


Мен оның осы қылығына күлкімде келді. Оның ойы мен батылдығы түбінде бір жоқшылық алып келер ме екен? Ол әлде қашан кітап оқымайтын болды, өмірдің басты нысаны жансақтау екенінде ұмытқан.Осы тіршілік үшін бірлікте қадам басу иә жалғыз күрес жасасада, біреудің етегіне асылып күн көрем деу ақымақтық,  онда ең мықты деген жауынгердің өзіде құрдымға кетеді.


Менің жаңа өмірге үмітімнің бар, бірақ ол ЗыЖун  екеуміздің айырылуымызда тұрған тәрізді, ол батылдығын соңғы рет көрсетіп, менен кетуі керек деп ойлаймын. Мен  оның өлетінінде ойлағанмын, осындай ойым болғанына өзімді өзім кіналадым.Таң атуға әлі бар, уақыт бар, өз ойымды айтуыма болады. Біздің жаңа тіршілігіміздің кілті осыдан басталады.


Мен онымен жай әңгімелесіп отырмын, әуелі өзіміздің өткен күндерімізді  еске алдық, әдеби көркем өнер туралы айттым,сонымен  шетел жазушылары туралы әңгіме қозғалдық. «Hopa», «теңіздің желі» сияқты  шығармалар жайлы сөз еттік , нораның  батылдығын  мадақтадым оған... Өткен жыл сарайда  тұрған кезімізде айтылып болған әңгімелер, бірақ қазір басқаша естіледі, өз аузымнан шыққан сөздер өз құлағыма жұдырық болып тиып отыр.


Ол әліде сол қалпында басын изеп тыңдап отыр, кейіннен мүлдем тыныштыққа  шөгіп кетті. Мен сөзіміді әлі жалғастырып отырмын. Сөйлеген дауыстарым  бір белгісіз бостыққа тарқап кеткендей болды.


 «Иә, солай»  ол тағыда үнсіз отыр, «бірақ.... Жуан Шың, мен сенің жақында өзгергеніңді  сезіп отырмын, солай ма? Сен ,-сен менен ештеңе жасырма» деді кенеттен.


Оның бұл сөздері  менің басыма шоқпармен бір ұрғандай болды,  дереу есімді жинапта үлгеріп, өз ойымды айттым: жаңа жол табу, жаңа өмір бастау,тек бірге құрдымға кетупеудің алдын алу үшін жанталасу.


Соңында, мен нық бекіммен мына сөздерді айттым.


 «.....,енді сенің маған ешқандай кедергің жоқ, өз алдыңа қадам бассаң болады».


Сен менен шындықты сұрадың. Иә, солай , адам өзін-өзі алдамауы тиіс. Мен сенен жасырмайын , мен сені енді сүймеймін! Бұл сен үшін жақсы шығар, ешбір уайымсыз жұмыс істейтін болдың....


Мен  осыдан кейін «жанар таудың атылуын» күттім, алайда бар болған үнсіз тыныштық. Кенеттен оның өңі өлген адамдікі сияқты бозарып кетті. Лезде қайта тіріліп көзінен балаша нұр жарқырады. Оның жанарынан  емшек  сүт іздеген баланың күйін көрдім.Тек ауадан іздейді де менің көзімнен үрейленіп қашады.


Мен одан ары төзе алмадым.Таңғы ызғарға қарамастан кітапханаға қарай зымырадым.


Ол жерден «еркіндіктің жолдасын» көрдім, мен жіберген мақалаларым жарияланыпты. Бұл маған тіршіліктің жылы лебіндей сезілді. Мен ойладым, өмірдің жолы әліде сан алуан – ал қазіргідей болмауы тиіс.


Мен хабарласпай кеткен жолдастарыма барып қайттым. Әрине олардың үйлері жып-жылы, ал менің сүйегімнен суық  өтіп жүр. Ал түн болса, мұздай суық үйде бүрісіп жатамын.


Ызғарлы қабақ менің жан-тәніме сұқтана қарайды,  оллар мені мәңгілікке жансыздандырып тастағандай. Өмір сан қилы. Менде өзіме лайық күш-қуатым бар. Кенет оның өлімі ойыма  түсті. Амалсыз өзімді-өзім кинадым.


Кітапханада жаңа үміттің ұшқыны жарық етеді,тіпті жаңа өмірімнің бастамасы осы тәрізді: Ол кенеттен оянып, осы үйден еш өкпесіз шығып кетсе. Мен жеңілдеп қалар едім, көк аспан  астында еркін  ұшар едім.


Бірақ мен осындай өмірдің келуінде сезген едім.


Біз ақыр соңында осы қыстанда өттік. Бейжиннің қысы бала қолындағы ойыншықтай ,тозығы шығып , шашылып  аяғына шықты, оны жинағанның өзінде орнына келмейді.


 «Еркіндік жолдасының»бас редакторы үш рет хат жазғанымда,  ол әрең жауап хат қайтарды, кәнуәрттің ішінде тек екі кітап алу билеті ғана бар, 20 тиындық және 30 тиындық. Мен бұған қол жеткізу үшін 9 тиын істеттім. Осындай қол жетпес үміт үшін, ашқа жұмсағаныммен ештеңе өнбейді.


 Бірақ басқа істен де мәнісі жоқ. 


 Көктемнің суық желі де басылды. Мен баяғыдай сыртта қаңғып жүріп күн қарайғанда үйге жеттім. Үйдің есігін көріп тіпті сүлкінім түсіп кетті. Аяғымды сүйреп үйге кірдім, үйде жарық жоқ, шамды жағып едем, жалғыздық жанымды жаралап кетті. 


  Не болғанын білмей тұрғынамда, көрші терезеден мені шақырды.


-«Бүгін Зы Жуннің әкесі келіп оны алып кетті»,- ол жай ғана айтты.


Бұл боларын бұын білсем де, маған өте ауыр тиді.


-«Ол кетті ме?»,- мен әрең дегенде осы сөзді тісімнің арасынан зорға шығардым.


-«Ол кетті».


-«Ол – ол бірдеңе айтты ма?»


-«Ештеңе  айтқан жоқ».


  Мен сене алмадым. Бірақ үйде тірі пенде жоқ. Мен үй ішінен ЗыЖунді іздедім, бірнеше үй жиһаздары да маған ашуланып тұрғандай.  Ол хат қалдырды ма екен? Үстелде  жарты нан тұр, жанында ұсақ тиындар жатыр. Бұл біздің бар тамағымыз осы еді. Ол қазір бұның барлығын маған қалдырды, маған осымен күн көре бер дегені емес пе?


 Мен үйге симадым, аулаға шықтым, меңіреу қараңғылық.  Көршімнің терезесінен жарық көрінді, олар балаларын ойнатып жатыр. Менің көңілім орнына түсті. Бұл ауыр қысымның , құтылудың жолдары көз алдымда елестеді. Тау арасындағы терең көл, соғыстағы үңгір, қап-қараңғы түн, өткір пышақтың жүзі, ешбір естілмейтін елсіз жер...


 Көңілім жадырап қалды, бұған да тәуба еттім.


 Жатып алып болашағымды ойладым, барлығы көз алдымда сайрап тұр. Соның арасында көз алдыма көп нәрсе елестеді. ЗыЖун маған бейшара көзімен  жалына қарап тұрғандай болды. Мен енді анықтап қарай бергенімде ғайып болып кетті. 


 Менің көңіл күйім ала- сапран болды. Мен не үшін тағы бірнеше күн шыдай алмай оған шын сөзімді айта салдым екен? Ал оның енді бар болғаны әкесінің  бала шағаның қарыз иесінің отеу, және жан-жағынан төнген суық сөздерге мән бермеу. Одан басқа ештеңе жоқ. Өмір бойы жалғандықтың қамыитын киіп, үстіндегі ауыр жүгін түсіре алмай, басқалардың сөзімен, әкесінің қаһарынан бас көтере алмау неткен қорқынышты іс  еді! Ал осындай өмірдің соңы, бар болғаны қабыр томпайту.  


 Мен шын ойымды ЗыЖунге айтқаныма өкіндім, біз бір-бірімізді сүйген едік, мен оған мәңгілік сүйген тәрізді болып жүре беруім керек еді. Егер шындық қымбат болса, онда оның бағасы ЗыЖун үшін ауыр шығын еді. Өтірік айтқан күнде, қазіргідей қиналмас едім. 


Мен шындықты ЗыЖунге ашып айтсам, ол ешқандай ойланбай өз жолын табар деп ағат басқан екенмін. Мен қателескен екенмін, оның баяғыдағы менімен бірге тұруға қосылған батылдығы, маған деген махаббатының күші екенін ені сездім. 


 Менің мұндай жалған өлімді мойныма алатындай қайсарлығым болмады да, шындықтың ауыр жүгін оның мойнына асып қойдым. Ол мені сүйгендігі үшін қалған өмірін басқалардың қорлауында өткізетін болды.


 Менің көз алдыма оның өлімі елестеп кетті... Мен өзімнің әлсіз екенімді аңғардым, мықты адамдардың арасында шыңдалуға тиіспін, олардың мені қинауына мойынұсынуым керек. Ал, ол болса менің күн көрісімді ойлап жүр...


 Мен Жижау көшесінен кетпекшімін, бұл жерде – жалғыздық. Мен осы жерден кетсем, Зыжун қасымда тұрғандай сезіледі, кенеттен жолығатын сияқтымыз.


 Алайда бір де бір  хат, хабар жоқ. Тынымсыз тіршіліктің қыспағында қалған мен,  хабарласпай кеткен танысымды іздеп бардым. Ол – менің үлкен әкемнің сыныптасы, өзі бір жібі түзу адам еді. Бейжиңде көп жыл тұрған, оның таныс-білісі көп.


 Сыртқы келбетімнің қарапайымдығына, киімімнің жұпыны болғанына қарап, күзетшілері мені есікке жолатпады, әрең  дегенде оған жолықтым,  ол маған суық қабақ танытты. Менің істерімді ол да білпті.


 «Әрине, сен бұл арада тұра алмайсың». Ол менің жұмыс іздеп жүргенімді біліп: «Қайда барар екенсің? Қиын болды – әлгі, не еді, сенің досың ше, Зыжун, оның о дүниеге аттанғанын білесің бе?»


 Менің тамағым булығып қалды.


      -«Рас па?» Мен қалай сұрағанымды білмедім.


      -«Иә, шынымен солай, біздің үйдегі Уаң Шың олармен ауылдас».


      -«Қалай өлгенін білесіз бе?»


      -«Кім білсін, әйтеуір өліпті- ғой»


 Мен үйге қалай келгенімді де білмеймін. Ол маған өтірік айтқан жоқ. Зыжун енді маған қайтып келмейді. Ол суық  қабақтың астында өмір сүріп, о дүниеге аттанды. Ал мен оған махаббатсыз қатал өмірді тарту еттім.


  Әрине, бұл жерде тұра алмаймын, бірақ қайда барамын.


    Жан-жағымды жаулап алған жалғыздық, сонымен қатар тек өлгендерге ғана тән болатын тыныштық сезіледі. Өмірден махаббатсыз кеткендердің азалы ашты дауыстары құлағыма маза бермейді. Мен олардың қараңғы көрін көріп тұрғандай боламын.


  Тіпті мен одан жаңа хабар күтіп жүріптім. Күн өткен сайын ашшы шындық жүрегімді жарлап жатыр.


 Мен бұрынғыдай далаға шықпайтын болдым. Өлі үнсіздік жан-тәнімді жегідей жеп барады. Бұл кездері үнсіздіктен құтылу үшін, жаңа үміт туралы ойландым.


 Қабағымды түйіп орнымнан тұрдым азанда, күн бұлт арасында тұншығып тұр. Құлағыма әлсін-әлсін жағымсыз дыбыстар естілді. Үй ішінен ештеңке көрмедім, бірақ  мен кіп-кішкентай, күшікті көрідім...


 Мен өз көзіме сене алмай тағы бір рет қарадым.


 Ол А суи емес пе, ол қайтып келіпті.


 Менің осы Жижау көшесінен кетуімнің себебі үй иелерінің қырғи қабағынан тыс, осы А суи болатын. Бірақ қайда барамын?


Жаңаша өмір сүру тәсілдері көп болғанымен, оны қалай бастауын білмей тұрмын.


 Көп ойланғаннан соң,  маған сарайдан баспана табылатындай көрінді. Баяғы сол жұпыны үй, баяғы тақтай төсек, баяғы үйенкі ағашы мен шырмауық – барлығы өз қалпында, бірақ сол кездегі мені қуантатын махаббат, өмір – бәрі келмеске кетті, тек қаңыраған жалғыздық, мен бұны өзіме-өзім істедім.


 Жаңа өмір жолы сан алуан, мен оны табуым керек. Кейде сол жаңа өмір көз алдымда жатқандай болады,  бірақ оған жақындай бергенімде жоқ  болып кетеді.


Көктемнің түні ұзақ. Күндіз көшеде көрген жерлеу рәсіміне бара жатқандар есіме орала кетті.Қағаздан жасалған адам, қағаздан жасалған ат, соңынан жылап-сықтап еріп бара жатқан адамдар. Олар өздерін алдап барады.                           


Алайда Зы Жунның жерлеу салтын көз алдыма келгенде, оны барауыртпалықты арқалап, алыс сапарда сүйретіліп келе жатқан бейнесі көз алдыма келеді.Соңынан онымен қоштасып тұрғандар тек оны сайқы-мазақ тап және қырын қарағандар сияқты сезілді маған.                 


Мен арғы дүниеде жын-перілермен шайқассамда,мейлі тозақтың отына түссемде,Зы Жунды іздеп тауып одан кешірім сұрағым келеді, бетпе-бет өкінішімді айтып, оған жалынғым келеді. Мен лапылдаған өрттің ішінде Зы Жунды құшақтап тұрып оның мені кешруін сұрап, істе дегенін істеуші едім...   


 Бірақ бұл менің қиялдарым –ғана, ал  тіршілік сынағынан құлап қалды.Мен әрі тірімін, мен жаңа өмір бастауым керек, Менің қолымнан келері-Зы Жунге деген өкінішім мен қайғымды жазып қалтыру.                                                          


Зы Жунды жүрегімнен жылап жоқтаймын. Артынша оны ұмытуым керек .


  Мен жаңа өмірімді бастауым керек,осы жан күйдірер шындықты жүрегімнің түбінде жасырамын, тек үміттену мен жалған өмірмен өзімді алдай беремін...                      


    Оқырман түсінігіне:


Бұл шығарма газет-журналдарда жария етілмеген. «Жаралы қайғы» Лу Шунның бірден-бір махаббат туралы жазған шығармаcы.


Кейіпкерлер Жуан Шың мен Зы Жун 20 жылдардағы Қытайда «4мамыр» қозғалысының кейінгі жас зиялы қауымның уәкілі. Бұл шығармада осы қос ғашықтың трагедиясы суреттеледі.


Бұндай трагедияның себептерін жан-жақты қарастыру керек. Солкездегі февдалдық қоғам олардың тіршілік жолын кесіп жібереді. Жуан Шыңның жұмыссыз қалуы, олардың семьясына қасірет алып келеді.Екіншіден екеуінің мінезінің жараспауы Зы Жун «үйленген» соң «тек біреудің етегіне жабысудан басқаны білмейтін болды».Ал тіршілік сынағында өзінің әлсіздігін байқатып қойяды.Жуан Шың болса кінәнің бәрін Зы Жуннен іздейді. «Мен енді сені сүймеймін» дейді.Түпкі себеп олардың махаббатының негізі,идеяларының әліде азат еместігін білдіреді.


«4 май» жастардың қозғалысы, сол кездің жастарын идеялық азаттыққа жетектеп, өз бетімен, еркін ғашық бола алу, өз еркімен үйлену сынды құқықтарды қолға келтіру үшін тұрпайы қылықтармен батыл күрес жасауға шақырған.


        Автор туралы мәлімет:


 Төңкерісшіл жазушы Лу Шүн (鲁迅LuXun1881-1936)


. 鲁迅–XX ғасырдағы Қытайдың ұлы ойшылы және жаңазаман әдебиетінің негізін салушы, атақты жазушы, публицист, қоғам қайраткері, аудармашы. 周东移 конфуциді таратқан адамның отыз екінші ұрпағы.鲁迅- нің атынан Меркурий кратер атанған.


鲁迅 1881 жылы 25 қыркүйекте Қытайдың 浙江 өлкесіндегі 绍兴- де бір күйреген жер иеленуші отбасында дүниеге келген, әкесі оқыған, анасы қарапайым ауыл адамы, туылғанда Жоу Чжан Шоу деп атаған, кейін Жоу Ю Цай деп атын өзгертті, кейін Жоу Шу pэнь деп атады. 周отбасы өте оқымысты болды, атасы  周父亲ХаньИнь Академиясының қызметкері болды. Әкесінің көне туберкулезі 鲁迅-ді медициналық оқуға итермелейді. бірнеше жылдан кейін отбасы жағдайы күрт төмендеп кетті. Ол кішкентайынан Роужя мәдениеті, сондай – ақ будда діні мен даужя діні мәдениетін қамтыған дәстүрлі мәдениеттерден мейлінше сусындап өсті. 1906 Токиоға көшіп барады, онда филолог Чжан Таянның әсеріне ұшырайды. Ол Шығыс-Европалық және орыс әңгімелерін аударып, басып шығарады. Келесі үш жылда ғылым тарихы, Қытай және Европалық әдебиет, Қытай қоғамы, реформа мен Қытайдағы дін бойынша эсселер жазады, сонымен қатар, әр елдің көркем шығармаларын қытай тіліне аударады. Кейін, ол адамдардың ішкі сезімін емдей бастайды да, жазушы болады, әлем әдебиетін зерттейді, жаңа философиялық ағымдар мен танысады.


鲁迅-нің публицистикалық мұрасы жайында айтсақ 呐喊与仿徨Айқай, сергелдең атты атақты әңгімелер жинағы және басқа (10 жинақ) оның жұмыстарының түрлі тақырыптарын айтып кетуге тура келеді; 鲁迅 көбіне Қытай халқының қоғамдық өмірін суреттейді. 鲁迅 пікірталас өнерін шебер қолдана отырып, мәселе туындағанда  жеткілікті өткір, шешімін тапқанға қажымастық танытады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу