22.12.2021
  112


Автор: Нұрхалық Абдырақын

Бұлт

Чүй Чиу Бай


Аспан қабағы салбыраған күрттердей түнеріп тұр, сонда да күн жерге өлеусірей сәуле шашады. Бұл жер бетіндегі адамдарға болымсыз үміт ұшқынын ұялатады. Ай нұры жөнінде қазір ауыз ашуға әлі ерте.


Ол бетін көлегейлеп, адамдар арасынан сығырая қарайды. Бұл бейне жер бетінде жалғыз қалған жесір әйелдің көз жанары іспетті, оның көз жанары әлде қашан суалған, онда ешқандай жас тамшылары байқалмайды.


Ежелгі қытайлықтардың тайшан тауына барып тағызым еткені сияқты төбешіктердің басына дейін қара құрым адам, бірақ адам іздері тек тау етегінде ғана байқалады.


Хуаңқы, Чаң Жияң бұлар қытай мәдениетінің ежелгі кіндігі, қытайлықтардың ата-бабасы өсіп өнген жер, ал бүгін оның ұрпақтары неге оған салқын қарайды.


              Еш өзгеріссіз бұрынғыдай тағы бір жылда өте шықты. Төпештеген жаңбыр, буырқанған долы боран тағы айналып соқты. Ешқандай жылу да жарықта байқалмайды. Суық та сүркейлі таң әзірге атар емес. Меңіреу қараңғы осылай түнекте өмір сүргенімізге тура жирма жыл, бұл біздің төбемізде түнерген алып қара бұлт. Бұл алып қара бұлт біздің көгіміздегі күнімізді қайта-қайта бүркемелей береді. Бұл оңбаған бұлт қайдан келді? Менің білуімше Тынық мұқитын ендей өткен толқын, не Атыланты мұқитының құтырынғын толқыны болуы әбден мүмкін.


Біздің жуас бауырларымыз тар төсегінің астынна бастарын тығып алып, тұншығып тыныш жатыр, тек олардың тірі екендігін олардың ауыз-мұрнынан шыққан демдері-ғана білдіреді, басқа еш қыбыр жоқ.


Қабырғада ілулі тұрған жансыз бейне барлық тірі өліктерді бірдемеге шақырып тұрғандай.


Ана атызда жүрген қара өрмекшілер қанша қомағайлансада оларға шынмен бұйыратыны тек бір куадырат жер-ғана болмақ. Бірақ олар тірі кезінде алып даланы алып иемденседе, тағы толмай озбырлана береді.


Бұл жер өрмекшілері ақырында қара жерге батып жоқ болады. Олардың асқазаны алып итайаққа, жүрек, бауырлары тасқа айналған құды баяғы ертектерде айтылатын алып диуларға ұқсайды. Осы диулардың жаңағы қара бұлтарға тікелей қатысы бар. Ал барлық істі тындырып отырғандар ол қара бұлт. Біз бұлтарға қарсы күресуіміз керек.


 Шынымен де өте ұзақ таң, қашан таң атады.


Әне-әне таң рауандады. Енді таңірге жалынып отырғанша, тек әрекет етуіміз керек. Біз өзіміз найзағай таңіріне барып, жұмыс жасауымыз керек.


Әне әр жерде жер қызара бастады,  алып қара бұлт шұбарлана бастады, байқұс күніміз шыбарланған бұлт арасынан бізге сығалап қарайды. Алда-жалда аспанда найзағай ойнап, күн күркіреп бұлтар сейілсе онда жаңағы аспанды торлаған қара бұлт қайғыдан қан жұтар еді-ау. Бұл әрине біздің өз қолымыз бен істейтін шаруа болмақ. Біз аспандаға найзағайды бұлтарға оқ ретінде пайдалана білуіміз керек.


      Автор туралы мәлімет:


Жазушы Чүй Чу бай (瞿秋白Qu Qiubai 1899-1935).


Әуелгі аты - Qu Shang. Жияңсу провинциясында Чаңжу ауданында дәрігер отбасында дүниеге келген. 1909 ж орта мектепте оқыды. 1916 ж Учаңда шет тілдер институтында ағылшын тілін меңгерді. Пекин университетінде тыңдаушы ретінде болып, 1917 ж орыс тілін меңгерді. Бір жағынан тіл үйреніп, бір жағынан аудармамен айналысты.


Гоголь, Пушкин, Толстой шығармаларын аударды.


1919 ж 4 мамыр отаншылдық қозғалысына қатысты.


1935 жылы ақпанда гоминьдан партиясының қолына түсті. 18-маусымда Гоминьдаң партиясының адамдары өлтірді. «海上述林» кітабы өмірден өткеннен кейін басылып шықты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу