22.12.2021
  312


Автор: Жібек Ысқақова

Сегізінші наурыз құтты болсын, анашым!

Бүгін шаттық, бүгін бақыт мереке,
Сегізінші наурыз келді құт болып.
Құтты болсын анашым бұл мереке,
Қуаныңыз шаттығыңыз көп болып.

Құттықтайды сізді бүгін ұлыңыз,
Сәтті болып жалғансын деп күніңіз.
Ақ жаулықты ардақты жан анашым,
Амандықта ортамызда жүріңіз.

Өзіңізбен ортамыз шад, мереке,
Көңіліміз көтеріңкі боп күйде.
Отбасының қаймағысыз бұзылмас,
Бақ-береке орнататын бұл үйге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу