22.12.2021
  215


Автор: Жібек Ысқақова

Көктемнің алғашқы мерекесімен, анашым!

Сегізінші наурызбен құттықтаймын,
Жан анашым, асылым өзіңізді.
Күлім қағып қарайтын барша жанға,
Мұң шалмасын мейрімді жүзіңізді.

Қуанышын сыйласын бұл бір көктем,
Күндеріңіз көп болып бақытты еткен.
Мерекеден жетіңіз мерекеге,
Күндеріңіз көп болып көңілді еткен.

Қуанышты күндеріңіз есік ашып,
Бақытыңыз анашым ортаймасын.
Өміріңіз жайқалып гүл көктемдей,
Қайғы-мұңы анашым байқалмасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу