22.12.2021
  194


Автор: Жібек Ысқақова

Анашым сегізінші наурыз құтты болсын!

Шуақ шашып, күлімдеп келді көктем,
Жанымызды құлпыртып, күлімдеткен.
Жан анашым мерекең құтты болсын,
Сегізінші наурыз бұл келіп жеткен.

Отбасынының гүлісіз тамыр жайған,
Нәр беретін біздерге әр беретін.
Шарласам да анашым бар әлемді,
Жан жоқ шығар өзіңе тең келетін.

Ортамызда анашым жүрші аман,
Ұл-қызыңның көріп сіз қуанышын.
Немерелер жалғасып шөбереге,
Арта берсін анашым жұбанышың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу